Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтеді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтеді

2019 жылғы 15 ақпан күні Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтеді. Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы атқарған жұмысының негізгі қорытындылары шығарылып, 2019 жылға арналған міндеттері айқындалады. Кеңейтілген алқа отырысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Д.Н.Назарбаева және Б.С.Әйтімова, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің өкілдері қатысады.

 

Өтетін орны мен уақыты: 15 ақпан 2019 жыл, сағ.10.00. Астана қаласы, Сәтпаев көшесі, 2, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, үлкен мәжіліс залы.

 

Журналистерді аккредиттеу үшін pressa.edu@gmail.com, аккредиттеу 14.02.2019 ж, сағат 17.00-ге дейін. Маржан 87024480838, Перизат 87787008493, Арман 87027259713, 74-23-59, 74-24-14.

 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.