Білім және ғылым Министрі бейіндік ҮЕҰ өкілдерімен кездесті

Білім және ғылым Министрі бейіндік ҮЕҰ өкілдерімен кездесті

28 қараша күні Қазақстанның VIII Азаматтық форумы шеңберінде Білім және ғылым Министрі бейіндік ҮЕҰ өкілдерімен кездесті. Кездесу «сұрақ-жауап» форматында өтті. Жиында білім беру ұйымдарындағы тамақтандыруды ұйымдастыру, инклюзивті білім беру сұрақтары төңірегінде өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, бұл күні студенттер арасындағы роботоқұрылыс жобаларын дамыту және қазақстандық футбол федерациясының «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығымен» жобалары тақырыптарында баяндамалар жасалды.

 

Спикер ретінде ҚР Білім және ғылым Министрі Ерлан Сағадиев, «Зере-Жанашыр» Қоғамдық қоры, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті зертханасының меңгерушісі Нұрлан Кәрімжан, халықаралық суретшілер одағының басқарма мүшесі Гульзия Исенова, «Қазақстан футбол федерациясы қауымдастығы», бұқаралық футбол департаментінің директоры, Ерлан Жамантаев баяндама жасады. Кездесу барысында Астана қаласының ата-аналар қауымдастығының төрайымы Омарова Гүлнар Мансұрқызы инклюзивті білім беру бойынша ұсыныс жасады. Сөз кезегінде ҚР Білім және ғылым Министрі Ерлан Сағадиев бүгінгі таңда инклюзивті білім беру саласына жағдай жасау бойынша жұмыс жалғасып жатқандығына баса назар аударды. «Жан басына қаржыландыру әдістемесінде білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды қаржыландыру коэффициентін арттыру қарастырылған. Педагогикалық мамандық бойынша кадрларды даярлау шеңберінде «Инклюзивті білім беру» пәні міндетті болып табылады», - деді Министр.

 

Егер Сіздің осы мәселелер төңірегінде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, Министрдің блогына жүгініп немесе pressa.edu.gmail.com поштасына хат жіберуіңізге болады. Біз азаматтық сектормен байланыс орнатуға дайынбыз, өйткені сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды. Министрлік жоғарыда аталған мәселелер бойынша жұмысты Үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыста одан әрі жалғастыруды жоспарлап отыр.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.