Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) студенттердің оқуды аяқтау кезеңінде жоғары оқу орындарында білім беру ұйымына тәуелсіз сырттай бағалау жүйесін қалыптастыру үшін енгізілді.
Оқу жетістіктерін сырттай бағалау жоғары оқу орындарында меншіктік түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан оқудың барлық оқу нысаны бойынша білім алушы студенттер үшін өткізіледі.
Білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ның міндеттері:
1) білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуді жүзеге асыру;
2) оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;
3) білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау жасау болып табылады.
ҚР Білім және ғылым министрінің «2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жоғары білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу туралы» 2018 жылғы 16 қазандағы № 572 бұйрығына сәйкес
ағымдағы жылы ОЖСБ 14-18 қараша аралығында 45 ЖОО базасында 5 лекте өткізілді.
Оған 107 ЖОО-ның барлық оқу түрлерінен сегіз бағыт: гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, білім, құқық, ауылшаруашылық ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технология; қызмет көрсету (барлығы 101 мамандық) бойынша бітіруші курс студенттері қатысты.
Рәсімге өтініш берген 50 058 студенттің 45 821-сі (91,5%) қатысты, оның ішінде қазақ тілінде оқитын 31 488 студент, орыс бөлімінің 13 845 студенті, ағылшын – 488 қатысты.
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті тестілеуді объективті және ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында базалық ЖОО-ларға арнайы оқытылған Білім және ғылым министрлігінің өкілдері жіберілді. ОЖСБ-ны өткізуді ұйымдастыру және үйлестіру жұмысын Комитеттің жергілікті аумақтық органдары жүзеге асырды.
Рәсім жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған 2 базалық және 2 бейінді пән бойынша кешенді тестілеу түрінде өткізілді.
Республика бойынша жалпы орташа балл – 83 (мүмкін болатын 200 балдан) (2017 ж. – 81 балл), бағыттар кесіндісінде:
ОЖСБ өткізу кезінде 41 909 тыйым салынған заттар тәркіленді (23 081 ұялы телефон, 18 746 шпаргалка).
Тестілеу барысында білім алушылар тарапынан ОЖСБ өткізу тәртібін бұзу жағдайлары орын алды. 210 студент тестілеуден шығарылып, нәтижелері жойылды.
Бұл мониторинг мәліметі пәндерді оқытуды жетілдіру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға, сонымен қатар мамандарды дайындау жөніндегі білім беру ұйымдарының рейтингісін одан әрі анықтауға негіз болады.