«Серпін» әлеуметтік жобасы аясында «АЛАМАН»Республикалық фестивалін өткізетінін хабарлаймыз

«Серпін» әлеуметтік жобасы аясында «АЛАМАН»Республикалық фестивалін өткізетінін хабарлаймыз

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» - «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында білім алып жатқан студенттердің арасында «АЛАМАН»Республикалық фестивалін өткізетінін хабарлайды.

 

Фестивальдің өтетін күні және орны:

  • 28 қараша 2018 жылы, сағат 09:00-ден 18:00- ге дейін
  • Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 160, Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармония залы.

Фестивальдің мақсаты: «Серпін» жобасы аясында білім алушы студенттердің азаматтық позицияларын қалыптастыру, белсенділіктерін арттыру, әлеуметтік бастамаларына қолдау жасау.

Фестиваль 5 номинациялары бойынша өткізіледі:

  • «Мамандығым – мақтанышым»/эссе
  • «Таңдаған өңірім - болашағым!»/презентация
  • «Өнерлінің өрісі кең!»/ән, би және т.б.шығармашылығы
  • «Менің әлеуметтік жауапкершілігім!»/ әлеуметтік жоба
  • «Ағылшын тілінің мамандығым үшін маңызы?!»/пікір-талас.

Фестивальға Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс   Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан 26 жоғары оқу орындарының және 7 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысады.

Фестивальдің жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен, дипломдармен және медальдармен марапатталады.  

Қоcымша ақпарат алу үшін

келесі байланыстар бойынша хабарласыңыз:

+ 7 7172/ 28 75 31/ 28 75 33/

Serpin2050kz@n-k.kz

www. Серпін.kz