«Үздік жыл психологы» атты республикалық конкурсын өткізу туралы БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

«Үздік жыл психологы» атты республикалық конкурсын өткізу туралы БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2018 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 12-13 қараша күндері Алматы қаласындағы «Алтын Қарғалы» шипажайының базасында білім беру ұйымдарының психологтарына арналған «Үздік жыл психологы» атты республикалық конкурсының қорытынды кезеңін өткізеді (бұдан әрі-Конкурс).

 

Конкурстың мақсаты – шығармашылықпен айналысатын, үнемі ізденісте жүретін талантты психологтарды анықтау, олардың кәсіби біліктілігін арттыру, үздік тәжірибелерін насихаттау.

 

Конкурсқа республикамыздың барлық аймақтарынан еңбек өтілі 3 жылға дейін, 3-7 жылға дейін, 7 жылдан астам білім беру ұйымдарының психологтары  қатысады.

 

Конкурс үш кезең бойынша өткізіледі:

 

I кезең – аймақтық, облыстық білім беру басқармалары, аймақтық ғылыми-практикалық орталықтары өткізеді.

 

II кезең – іріктеу (сырттай), "Мен және менің мамандығым", "Психолог - болашақтың мамандығы", "Психолог және мен", "Менің кәсіби ұстанымым"  тақырыптарының біріне эссе жазу.

 

III кезең – қорытынды, "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізеді.

 

Қорытынды кезеңге республикамыздың барлық өңірлерінен аймақтық, іріктеу кезеңінен өткен 70-тен астам психологтар қатысады.

 

Конкурстың ережесіне сәйкес орын алған жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I,II,III дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен марапатталады.

 

Конкурстың ашылу салтанаты – а.ж. 12 қараша күні сағат  9.00-де «Алтын Қарғалы» шипажайының акт залында өтеді.

 

Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі, конкурстың жабылу салтанаты  - а.ж. 13 қараша күні сағат 11.00-де «Алтын Қарғалы» шипажайының акт залында өтеді.

 

Қосымша мәліметтер алу үшін: «Дарын» РҒПО, Астана қ.,Республика даңғылы 34/а, «Нұр-тау» бизнес орталығы, 7 қабат, 709/а кабинеті

Бектурғанова Ж.Д., байланыс телефоны: 8 (7172) 29-52-67, моб: 87021685016