
Сіздерге екінші жарты жылдықтың басты жаңалығын хабарлауға дайынбыз! Қарашаның 10 мен 11 күндері аралығында «Бақшасарай» қабылдау үйінде HackDay 2018 инновациялық идеялар фестивалі өткізіледі
24 сағат ішінде өз идеяңды прототипке айналдыруға бірден-бір мүмкіндігің бар!
Биыл HackDay келесідей секцияларға бөлінген:
- Ақпараттық технологиялар;
- Контент және медиа;
- Кино және видео;
- Дизайн және анимация
- Мобилдік технологиялар.
Біздің серіктестеріміз – Halyq Bank, Samsung, Smart Point
Білім және ғылым министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, ұйымдастырушы - Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті!
Жаңалықтарды күтіңіздер, достар! Әзірше команда жинап, идея ойлап табыңыздар!