"Менің кіші Отаным" жас тарихшылар республикалық интеллектуалдық конкурсының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

"Менің кіші Отаным" жас тарихшылар республикалық интеллектуалдық конкурсының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Туған жерге деген сүйіспеншілік –

Туған елге деген патриоттық сезімге ұласады.

Н.Назарбаев

 

 

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, қараша айының 1-3 күндері аралығында Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар І республикалық интеллектуалдық конкурсын өткізеді (бұдан әрі - Конкурс).

 

Конкурстың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру.

 

Конкурстың қорытынды республикалық кезеңі екі тур бойынша өткізіледі:

 

І тур – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тест тапсыру;

 

ІІ тур – 4 номинация бойынша:

 

- «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша - елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында ашу (географиялық атауын, құрылу тарихын, дамудың негізгі кезеңдерін, табиғи-климаттық ерекшеліктерін, халықтың саны, кәсіпорындар мен әлеуметтік-тұрмыстық сала мекемелері туралы ақпарат, көрікті жерлері және т.б.);

 

- «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша - автордың өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау. (өз таңдауын бірегейлі негіздеу, дәлелдеу қажет);

 

- Менің кішкентай Отанымның болашағы" номинациясы бойынша - нысан макетін презентация түрінде таныстыру;

 

- «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша - өз елді мекені, ауылы туралы эссе жазу.

 

Конкурсқа Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім ұйымдарынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен» команда ретінде оқу тіліне қарамастан, облыстық кезеңнен жүлделі орын алған 4 оқушы қатысады. Конкурсқа жалпы республика бойынша 90 оқушы, 22 жетекші қатысатын болады.

 

Конкурсқа қатысушылардың жұмысын білікті қазылар алқасы бағалайды.

 

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен марапатталады.

 

Конкурстың ашылу салтанаты 1-қараша күні сағат 15.30-да Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің акт залында өтеді.

 

Конкурстың жабылу салтанаты, жүлдегерлерді мараптаттау рәсімі 3-қараша күні сағат 10.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің акт залында болады.

 

Қосымша ақпаратты төмендегі мекенжай бойынша алуға болады:

 

Астана қ. «Дарын» РҒПО –8/7172/29-51-59, 8/702/ 159-98-19

 

Мадина Бидаулетова