Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Қазақстан Республикасы Қазақстандық шахмат Федерациясының қолдауымен 2018 жылғы 28 қазаны мен 4 қарашада мектеп жасындағы дарынды шахматшыларды айқындау және дайындау, сондай-ақ жоғарғы деңгейде насихаттау мақсатында Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Садвакасовтың кубогына оқушылар арасында ХIIІ Халықаралық шахмат турнирін «Приозерный» демалыс және денсаулық орталығының базасында (Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Катаркөл аулы) өткізеді.
Шахмат турниріне Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстаннан 180 жас шахматшылары қатыспақ.
Команда үш жас аралық қатысушылардан тұрады. Олар: 9, 13 және 17 жасқа дейінгі үш жас аралық топ. Шахмат турнирі щвейцария жүйесі бойынша 9 турдан өтеді. Төрешілер алқасы әр жастағы топтың ер балалар мен қыз балаларының арасында жекелей есепте жеңімпаздарды анықтайды. Сонымен қатар, команданың барлық қатысушыларының жинаған ұпай сандарының жалпы есебі бойынша ең үздік шахматшылар командасын анықтайды.
Турнир барысында 3 қараша күні сағат 15.00-де Халықаралық гроссмейстер Дармен Садвакасов турнир қатысушыларымен қатарынан бір уақытта шахмат ойынының сеансын жүргізеді, сонымен қатар қатысушыларға мәдени-танымдық бағдарламасы ұсынылады.
2018 жылғы 29 қазан күні сағат 10.00-де «Приозерный» демалыс және денсаулық орталығында шахмат турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Ашылу рәсіміне «Дарын» РҒПО директоры Ш.Қирабаева және Халықаралық гроссмейстер Дармен Садвакасов қатысады.
Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау а.ж. – 4 қараша сағат 10.00-де «Приозерный» демалыс және денсаулық орталығында жабылу рәсімінде өткізіледі.
Жеңімпаздарға (команда және жекелей есепте ойнаған ойыншыларға) «Дарын» республикалық ғылыми - практикалық орталығының І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен, жеңімпаз команда мүшелеріне медальдар және естелік сыйлықтар беріледі. Бірінші орын алған командаға шахмат кубогы табысталады.
Қосымша ақпаратты мына мекенжайдан алуға болады:
Астана қ., Республика даң. 34 А, 709 А каб. Тел. 8(7172) 29-51-59, 29-52-32
«Дарын» Республикалық ғылыми практикалық орталығы