“ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

“ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Кәсіби өсуге бағытталған педагог өз тәжірибесін тарату және педагогикалық шеберлігін шыңдау мақсатында қоғамға өзін танытуға ұмтылады. Заманауи оқыту құралын, инновациялық технологияларды жете меңгермей, мұғалім мамандығының мәртебесін көтеруге, кәсібилікке қол жеткізу мүмкін емес. 

 

Бұл мәселелерді шешуде педагогикалық шеберлікті тарататын конкурстар ерекше орын алады. Конкурс арқылы педагог өзінің кәсіби қоғамдағы орнын тауып, педагогикалық шеберлігін көтеріп, шыңдай алады.

 

Осыған орай, а.ж. 24-25 қазанда Алматы қаласының “Алтын Қарғалы” шипажайы базасында ҚР Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы педагогтардың кәсіби мәртебеге ие болу, педагогикалық шеберлікті жетілдіру және тәжірибе алмасу мақсатында “Үздік авторлық бағдарлама” республикалық конкурсын” (бұдан әрі - Конкурс) өткізеді.

 

Конкурсқа (Конкурсты өткізе Ережесіне сәйкес) педагогикалық өтілі 5 жылдан асқан, жұмыстары екінші іріктеу кезеңінен өткен республикамыздың барлық білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады.

 

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдары және “Дарын” республикалық ғылыми практикалық орталығының грамоталарымен марапатталады.  

 

Конкурс жеңімпаздарының авторлық бағдарламалары жарияланып және дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу тәжірибесіне енгізіледі.

 

Конкурстың салтанатты жабылу рәсімі 25 қазан сағат 10.00-де «Алтын Қарғалы» шипажайының конференц залында өтеді.

 

Шипажайдың мекен-жайы: Алматы қ., Жандосов көшесі, 204 үй (Асқаров көшесі жағынан).

Қосымша ақпаратты төмендегі мекен-жайдан ала аласыздар: Астана қаласы, Республика даңғылы 34А, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы. Байланыс телефондар: 8/7172/ 29-49-98, 8701-292-36-12.