Жезқазған қаласын дамыту бойынша 2017-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Қарағанды облысының әкімдігі тарапынан Жезқазған қ. химия пәнінен Қ. Сәтбаев атындағы ІІ республикалық олимпиада өткізіледі.
Олимпиаданың мақсаты – ерекше қабілетті оқушыларды анықтау, олардың химия ғылымына деген қызығушылығын дамыту, пәнді тереңірек оқуға ынталандыру. Химия – қазіргі өркениетте ғылым мен экономиканың негізгі саласы. Қазақстан үшін жаратылыстану ғылымының ғана емес, сондай-ақ мемлекетіміздің болашақ әл-ауқатын дамытудың негізі.
Олимпиада 9-сыныптар үшін екі кезеңде өткізіледі: бірінші кезең – облыстық (іріктеу), екінші кезең – республикалық.
Олимпиаданың республикалық кезеңіне республикамыздың барлық аймақтарынан, «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДБҰ мен республикалық білім беру ұйымдарынан 80 оқушы қатысады.
Олимпиаданың теориялық және практикалық (І, ІІ) турлары О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің базасында өтеді.
Олимпиаданың ашылу салтанаты 2018 жылғы 30 қазанда сағат 11.30-да өтеді.
Жабылу салтанаты мен жеңімпаздарды марапаттау 2018 жылғы 1 қарашада сағат 15.00-де Жезқазған қ. Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде өтеді.
Олимпиаданың бағдарламасында қатысушыларды Жезқазған және Сәтбаев қалаларының көрікті жерлеріне, сондай-ақ Ұлытау ауданы, Жезді кентіндегі М.Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихы мұражайына апару қарастырылды.
Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР БҒМ-нің І , ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен, Қарағанды облысы әкімдігінің естелік сыйлықтарымен марапатталады.