Білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

 Білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е. Қ. Сағадиевтің қатысуымен Білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда, "Мемлекет басшысының Қазақстан халқына "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" Жолдауында берілген тапсырмасын іске асыру барысы туралы", үш тілде оқытуды енгізу тиімділігі және CLIL әдістемесі туралы, 2016 жылғы ИСО 30.7001 версиясы халықаралық стандартын енгізу туралы" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет менеджменті жүйесі мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша айтылған пікірлер, тілектер мен ескертулерді ескере отырып Министрлікке жұмыс барысында ескеру үшін ұсыныстар енгізілді.