
31 тамыз күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 3-курс студенті Бағлан Ибрагимов ХVIII жазғы Азия ойындарының жеңімпазы атанды.
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бағлан Ибрагимов 52 салмақ дәрежесі бойынша самбо спорт түрінен Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан Азиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Ол финалда моңғолиялық Эрденбаатар Шаллууды жеңіп өзінің мықтылығын дәлелдеді. Қасымбеков Жақыпбектің шәкірті Бағлан, Ахмет Ясауи университетінің «Денешынықтыру және спорт» мамандығының студенті.
Бағлан бүгінгі күнге дейін көптеген спорттық додаларда оқ бойы озып шыққан батыр. Ол, ҚР, Азия біріншіліктерінің жеңімпазы. Жастар арасындағы әлем біріншілігінің қола жүлдегері.
Бүтін қазақ елінің көз қуанышына айналған қос батыр Дидар мен Бағланның жеңісі құтты болсын. Қос бірдей саңлақты үкілеп додаға қосқан Түркістандықтар мен Ахмет Ясауи университеті ұжымының қуанышында шек жоқ. Қос алтын сыйлаған батырларымыздың мерейі үстем болсын!