
Құрметті ұстаздар мен ата-аналар!
Қадірлі оқушылар мен студенттер!
Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Білім күні шын мәнінде бүкіл халықтық мерекеге айналды. Бұл мейрамның әрбір адам өмірінде алар орны ерекше. Мыңдаған оқушылар мен студенттер, білім мен ғылым саласындағы ұстаздар мен оқытушылар, барша қызметкерлер үшін Білім күні жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың символы. Биылғы оқу жылында 300 мыңнан астам бүлдіршін алғаш рет 1-сыныптың табалдырығын аттағалы отыр.
«Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деген қанатты сөз бар. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатуда талмай еңбектеніп жүрген ұстаздарымызға жаңа оқу жылында үлкен қажыр-қайрат, талантты да талапты шәкірттер тілеймін! Мұғалім өз ісіне, шәкіртіне сүйіспеншілікпен қарап, кәсібіне адал болса ғана нағыз ұстазға айналмақ.
Шәкірттеріміздің де оқуда озат болып, түрлі білім сайыстарынан олжалы оралып, биік белестерден көріне берулеріне тілектеспін!
Білім күнімен, құрметті достар! Ақ жол!
Ерлан САҒАДИЕВ, ҚР Білім және ғылым министрі.