1 қыркүйектен бастап жан басына қаржыландыру механизмі Астана қаласындағы 79 мемлекеттік және 8 жеке мектепке енгізілетін болады. 2019 жылғы қыркүйектен бастап қаржыландырудың бұл жүйесі Алматы қаласындағы 192 мемлекеттік мектеп пен Шымкент қаласындағы 127 мектепке енгізіледі деп жоспарлануда. 2020 жылғы қыркүйектен бастап жан басына қаржыландыру республиканың барлық қала мектептеріне толықтай енгізілетін болады. Сонымен, оқушылар саны неғұрлым көп болған сайын, бөлінетін қаражат көлемі де ұлғая түспек. Осы ретте балалардың қызығушылықтары мен сапалы білім алудағы құқықтарына баса назар аударылатын болады. Жан басына қаржыландыруды жүзеге асыру қазақстандық білім беру жүйесін жетілдіру және білім беру қызметтерінің сапасын арттыру барысында жасалған үлкен қадам.
Жан басына қаржыландырудың орташа көрсеткіштері:
- мемлекеттік мектептер үшін – 224 704 теңге;
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын құқықтық формасындағы мектептер үшін – 235 527 теңге.
Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік білім беру тапсырыстарын жергілікті бюджет есебінен жеке мектептерге орналастыру мүмкіндігін иеленіп отыр, атап айтсақ Астана қаласында 3721 орынға, Алматы облысында 262 орынға, Манғыстау облысында 860 орынға, Түркістан облысында 360 орынға және Шымкент қаласында 765 орынға.
ҚР БҒМ баспасөз қызметі