Баспасөз хабарлама

Баспасөз хабарлама

«Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту және «Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы                  23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

 

 

Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  2018 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру үшін әзірленді және мыналарды көздейді:

 

- «білім беру саласындағы уәкілетті органның сенім білдірілген өкілі (агенті) деген ұғым «білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы» деген ұғымға өзгертілуде;

 

- «Жұмысқа бөлу жөніндегі комиссия» ұғымы енгізілуде;

- жас мамандар мен философия докторлары (РhD) үшін жұмысқа орналасуларына жәрдемдесуге өтініш жасау және жұмыс іздеуші тұлға ретінде тіркелу мерзімі белгіленеді.