«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» атты Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясы қатысушыларының ұсынымдары

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» атты Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясы қатысушыларының ұсынымдары

Конференция жұмысына ҚР Премьер-Министрі, Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары, білім басқармаларының басшылары, аудандардың және қалалардың білім бөлімдерінің басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, колледждердің директорлары, білім саласын бақылау бойынша өңірлік департаменттердің және пилоттық мектептердің директорлары, мектеп мұғалімдері, әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, ҚР БҒМ-нің құрылымдық бөлімдерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның, «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның, «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес АҚ-ның қызметкерлері, кәсіподақ ұйымдарының, қамқоршылық кеңестерінің және ата-аналар қауымдастығының, БАҚ-тың, Үкіметтік емес ұйымдардың және баспалардың өкілдері қатысты.

Педагогикалық қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясы жұмысының қорытындылары бойынша келесі ҰСЫНЫМДАР қабылданды:

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің департаменттеріне және комитеттеріне:

- мектепке дейінгі жастағы балалардың машықтары мен дағдыларын дамыту индикаторларының автоматтандырылған жүйесінің пилоттық жобасын іске асырсын;

- ерте жастағы балаларда әлеуметтендіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын дамыту жөніндегі бағдарламаны және әдістемелік құралдарды әзірлесін;

- 5 жастағы балаларға оқу және жазу дағдыларын үйрету үшін латын тіліндегі «Әліппе» оқулықтарының және кириллицадағы «Букварь» және құрылымына қойылатын талаптарды әзірлесін;

- мектепке дейінгі жастағы балалардың машықтары мен дағдыларын дамыту индикаторларының автоматтандырылған жүйесінің пилоттық жобасының көмегімен мониторинг жүргізу бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған оқыту семинарларын өткізсін;

- білім беру мазмұнын жаңарту мәселелері бойынша ауқымды ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;

- үш тілде оқыту жағдайында пән мұғалімдеріне арналған тілдік біліктілік арттыру курстарын өткізу және тәлімгерлік бойынша жұмысты жалғастырсын;

- өңірлер бөлінісінде «Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді мониторингілеудің бірыңғай негізін» мониторингілеу және енгізу жөнінде шараларды қабылдасын;

- халықаралық тәжірибеге сәйкес мамандықтар жіктеліміндегі «Дефектология» атауын «Арнайы педагогикаға» өзгерту және «Педагог-ассистент» мамандығын енгізу мәселесін қарастырсын;

- «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының 6 бағытын ескере отырып, Тәрбиелеудің тұжырымдамалық негіздеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізсін;

- жаңа 2018-2019 оқу жылында білім беру ұйымдарында «Футбол сабағы» пилоттық жобасын іске асыруды жалғастырсын, барлық өңірлерде 1-ден 11-ге дейінгі сыныптары бар кемінде 1 мың мектепті қамтуды қамтамасыз етсін (мерзімі: 2018 жылғы 1 қыркүйек).

 

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті:

- педагогикалық жүйе қызметінің мақсаттарын, мазмұнын және тәсілдерін анықтайтын «Өзін-өзі тану» адамгершілік рухани-адамгершілік білім беру бағдарламаларын 2018 жылғы 28 қыркүйеккке дейін әзірлеу және ведомстволық бұйрықпен бекіту.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Астана және Алматы облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп:

-   балаларға қолжетімді қосымша білім беру желілерін кеңейту бойынша шаралар қолдану;

-   балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлықтарының профилактикасы, отбасы құндылықтарын нығайту және көтеру, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың алдын-алу, деструктивтік діни ағымдарды енгізу мәселелері бойынша ата-аналар мен балалар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

 

Техникалық және кәсіптік департаменті және «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-мен бірлесіп:

-     «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасының енгізілу барысын бақылау және мониторинг жүргізу жұмыстарын жалғастыру;

-     «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өзгерістер мен толықтыруларға байланысты, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді қайтадан қарастырып және өзгертулер енгізу;

-     модульді-құзыреттілік тәсіл негізінде үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын өзектендіру жұмыстарын жалғастырсын;

- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кредиттік және модульдік технологияға көшуді қамтамасыз ету;

- инженерлік-педагогикалық қызметкерлер және ТжКБ беру ұйымдарының басшыларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, оның ішінде арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту бойынша.

 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ:

- жаңартылған мазмұнды енгізу кезінде әдістемелік көмек көрсету бойынша жұмысты жалғастырсын;

- 3, 6, 8-ші сынып мұғалімдеріне арналған критерийлік бағалау бойынша қосымша оқу курстарын ұйымдастырсын;

- «Өрлеу» БАҰО» АҚ жаттықтырушылары үшін жаңартылған мазмұн бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырсын;

- жүйелік-әдістемелік кешенде орналастырылған оқу-әдістемелік материалдарға қолжетімділікті арттыру шараларын әзірлесін.

 

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына:

- 2016-2019 жылдарға арналған ББҒДМБ индикаторлары мен көрсеткіштерінің сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін;

- қазақ алфавитін латын әріптеріне көшіру шеңберінде мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында қазақ алфавитін латын графикасында жазу ережелері мен жаңа алфавит пернетақталарының орналасуы бойынша апробацияны ұйымдастаруды және өткізуді қамтамасыз етсін;

- білім беру мазмұны жаңартылған оқулықтармен уақытылы қамтамасыз ету бойынша тиімді жұмыс жүргізсін;

- білім берудің жаңартылған мазмұны, пәндерді ағылшын тілінде оқыту, қысқартылған оқу аптасы, білім алушылар мен педагогтердің оқу жүктемесін төмендету, оқулықтардың мазмұны жөнінде кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша қосымша шаралар қабылдасын;

- жоғары сыныптарда жаратылыстану-ғылыми циклі пәндерін пилоттық режимде ағылшын тілінде оқыту үшін жағдай жасауды қамтамасыз етсін және оны іске асыру бойынша шараларды бақылауға алсын;

- педагог қызметкерлердің өздеріне тән емес функцияларды атқаруына қатысуын болдырмау боынша шаралар қабылдасын;

- білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау бойынша жұмысты жандандырсын;

- психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтарын ашу бойынша жұмысты жалғастырсын;

- балалардың құқықтарын бұзуды болдырмау және бір отбасы балаларының әртүрлі білім беру ұйымдарына бөлінуіне жол бермеу мақсатында ерекше білім беру қажеттіліктері бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттарды, ерекше білім беру қажеттіліктерді бар балаларға жағдай жасау арқылы жалпы үлгідегі жетім балалар мен қамқорлықсыз қалған балаларға арналған мектеп интернаттарға қайта құру бойынша шаралар қабылдасын;

- арнайы және инклюзивтік білім беруді іске асырудағы өзекті мәселелерді шешуде ата-аналармен, үкіметтік емес ұйымдармен, денсаулық сақтау ұйымдарымен белсенді түрде жұмыс жасасын;

- инклюзивті білім беруді енгізу мәселелері бойынша кеңінен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;

- «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «ӨЛКЕТАНУ» (краеведение), «КІТАП – БІЛІМ БҰЛАҒЫ» (пропаганда чтения) негізгі бағыттарының контексінде мектеп, отбасы, кітапхана және музейдің әлеуметтік әріптестігін дамытсын;

- оқушылар сарайы, үйі, шығармашылық орталықтарының базасында технопарктер, бизнес-инкубаторлар ашу бойынша жұмыстарды жалғастырсын;

- қосымша білім беру ұйымдарының базасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті білім беру үлгісін жасау бойынша эксперименталды алаңдарды ашу мүмкіндігін қарастырсын;

- балаларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қосымша білім беру қызметтерімен қамтуды көбейту жұмыстарын жандандырсын;

- мектеп мұғалімдерін және қосымша білім беру мұғалімдерін тарта отырып, мектептерде қызығушылық үйірмелерін ашу үшін жергілікті жердегі қолданыстағы мектептен тыс ұйымдарды қосымша білім беру жүйесінің ресурстық орталықтары ретінде пайдалансын;

- білім беру ұйымдарында мектеп спорт секцияларының желісін кеңейту бойынша шаралар қабылдасын;

- балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру клубтарын ашу мүмкіндігін қарастырсын;

- білім беру ұйымдарында спорт залдар мен алаңдардың материалдық-техникалық базасын жақсартсын;

- 2018 жылдың аяғына дейін колледждерді бейіндеу бойынша жұмысты аяқтасын;

- еңбек нарығындағы толқындар мен теңгерімсіздіктерді ескере отырып, ТжКБ кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етсін;

- қолданыстағы колледждердің базасында Worldskills стандарттары бойынша құзыреттілік орталықтарының жұмысын қамтамасыз етсін;

- ағымдағы жылғы қыркүйектен бастап колледждерді жан басына қаржыландыру әдістемесін енгізсін;

- 2018-2019 оқу жылының басталуына құзыреттілік әдіске негізделген модульдік бағдарламаларды енгізу бойынша дайындық жұмыстарын аяқтасын;

- 2018 жылғы 25 желтоқсанға дейін білім беру ұйымдарында төтенше жағдайларды ескерту және жою бойынша шаралармен бірге азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды әзірлесін;

- 2018 жылғы 25 желтоқсанға дейін педагогтарды брондауға және ата-анасыз қалып қоюуы мүмкін балаларды орналастыруға ерекше назар аудара отырып, білім беру және ғылыми ұйымдардың ерекше кезеңде тұрақты жұмыс жасауын қамтамасыз ету бойынша мобилизациялық даярлық жұмыстарын қарастырсын;

- мектеп инспекторларына, әлеуметтік қызметкерлерге, педагог-психологтарға, әлеуметтік педагогтарға және балалардың құқықтарын қорғау, «тәуекел топтағы» балаларды ерте анықтау және оларға көмек көрсету мәселелерімен айналысатын мамандарға арналған оқыту семинар-тренингтерді және арнайы курстарды өткізілуін қамтамасыз ету.

 

Жоғары оқу орындарының ректорларына:

- жоғары оқу орындарын коммерциялық емес акционерлік қоғамға өзгерту бойынша тиісті жұмысты орында қамтамасыз етсін;

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы жаңа нормативтік құқықтық актілерді іске асыру аясында жоғары оқу орындарының ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеу және бекіту бойынша дайындық жұмыстарын жүргізсін;

- БҒДМБ-ге енгізілген өзгерістерді ескере отырып, жоғары оқу орындарының даму стратегиясын өзектендірсін;

- академиялық адалдық принциптерін арттыруға арналған жол картасын әзірлеп, оны іске асыруды бастасын;

- халықаралық академиялық рейтингтерге (соның ішінде QS-WUR, Times Higher Education рейтингтеріне) кіру позициясын жақсарту жұмысын жандандырсын;

- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Open U онлайн платформаларында жобаларды іске асыру шеңберінде ЖОО-лармен ынтымақтастықты кеңейтсін;

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысын сараптамалық-аналитикалық және ғылыми қолдауды жандандырсын, қоғамдық сананы жаңғыртуға қажетті жаңа құндылықтар тақырыбында студенттердің қатысуымен ғылыми монографиялар, мақалалар және жарияланымдарды шығарсын;

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша сараптамалық кеңестермен, жобалық офистермен және ішкі саясат басқармаларымен тығыз әрекеттесуді қамтамасыз етсін;

- «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша таныстырылған 17 оқулықты білім процесіне енгізудің нақты алгоритмін әзірлесін;

- қолданбалы ғылыми-зерттеулерді ағылшын тіліне кезең - кезеңімен көшіруді жүзеге асыру шараларын қабылдасын;

- жас ғалымдарды ғылымға тарту бойынша жүйелі жұмысты жалғастырсын.

 

 

Білім беру қызметкерлерінің

республикалық тамыз

педагогикалық конференциясының

қатысушыларымен қабылданды

2018 жылғы 17 тамыз