Студенттер арасында футзалдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының қарсаңында 17 тамыз күні сағат 17.30-да Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» командасы арасында жолдастық ойын өткізіледі. Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы студенттер арасында футзалдан 2018 жылғы Әлем чемпионатын өткізу мүмкіндігін 2015 жылдың қазан айында жеңіп алды.
Чемпионатта Канада, Германия, Франция, Аргентина, Жаңа Зеландия, Болгария, Португалия, Польша, Хорватия, Словакия, Чехия, Россия, Қазақстан, Қытай, Израиль, Тайланд, Украинаның ең мықты 17 ерлер мен әйелдер құрамалары бақ сынасады. Сонымен қатар, әлем бойынша көптеген қолдаушылар келеді деп күтілуде.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «Денсаулығы мықты халық бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан бұқаралық спортты дамыту - мемлекеттің стратегиялық басымдықтарының бірі». Студенттік өнерді салауатты өмір салты бойынша насихаттау - жас ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттырады, мәдениетін тәрбиелейді, «Спорт - бақытты өмірге жол» қағидатын ұстана отырып, студенттік өнерді өркендету арқылы жастардың спорт саласындағы білімін күшейтеді және нығайтады.
Студенттер арасыдағы футзалдан өтетін 2018 жылғы Әлем чемпионатының ұйымдастырушылары Ұлттық Студенттік Лига мен ҚР студенттік спорт Федерациясы болып табылады. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар қатарына ҚР білім және ғылым министрлігі, ҚР мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі кіреді.
Күні: 2018 жылғы 17 тамыз
Уақыты: сағ: 17:30
Өтетін орны: Спорттық кешен (Есенберлин көш. 173)
Қосымша ақпарат үшін: 8 (700) 551 00 03 – Исаева Хава