Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі сіздерді 19 тамызда Алматы қаласындағы «Almaty Arena» кешенінде өтетін студенттер арасындағы әлем чемпионатының салтанатты ашылуына шақырады. Чемпионат ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Студенттік спорт федерациясы және Ұлттық студенттік лигасы.
Шараның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Футзалдан әлем чемпионатына ерлер мен әйелдер арасынан Канада, Германия, Франция, Аргентина, Жаңа Зеландия, Болгария, Португалия, Польша, Хорватия, Словакия, Чехия, Ресей, Қытай, Израиль, Тайланд, Украина елдерінің ең мықты командалары келеді. Чемпионат 19-26 тамыз аралығында өтеді.
Шараның салтанатты ашылуына FISU Бас хатшысы Э.Сентрон, ҚР Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиев, ҚР мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, Алматы қаласының әкімі Б.Байбек, ҚР Студенттік спорт федерациясының президенті Қ.Закирьянов, FISU вице-президенті Мариан Димальски, студенттер арасындағы әлем чемпионатының директоры Пауло Феррейра және халықаралық командалардың өкілдері қатысады.
Анықтама үшін. Ұлттық студенттік лига 2014 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен құрылды. Ұйымның басты мақсаты - студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және оларды бұқаралық спортқа тарту, шетелдік студенттер ұйымдарының әлемдік үрдістері мен тәжірибесіне сәйкес жоғары және кәсіби деңгейде спорттық іс-шараларды ұйымдастыру.
Бүгінгі күні лига - Қазақстанның барлық жоғары оқу орындары мен колледждерін, республиканың барлық студент жастарын біріктіретін ұйым. Ал, студент жастар арасында белсенді түрде дамып келе жатқан және танымал спорт түрлерінің бірі - футзал.
Өткізу уақыты мен орны: Алматы қаласы, «Almaty Arena» көпфункционалды кешені, 2018 жылғы 19 тамыз, сағат 12.00.
Журналистерге аккредетация үшін: pressa.edu@gmail.com Айгуль 87011360277, Арман 87027259713, Маржан 87024480838
ҚР БҒМ баспасөз қызметі