Қатысушы банктердің «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» ҚР Заңымен қойылған талаптарды орындауы туралы ақпарат

Қатысушы банктердің «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» ҚР Заңымен қойылған талаптарды орындауы туралы ақпарат

Қазіргі уақытта Мемлекеттік білім беруі жинақтау жүйесіне (бұдан әрі – МБЖЖ) қатысу үшін екінші деңгейлі банктерге қойылған заң талаптарына сәйкес келетін «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Цесна банк» АҚ, «Банк ВТБ» АҚ ЕБ, «ForteBank» АҚ, «Нұрбанк» АҚ МБЖЖ-ға қатысушы банктер болып табылады.   

Аталған банктер 2018 жылғы 17 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының тізіліміне сәйкес депозиттерді міндетті кепілдендіру жүйесіне қатысады.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2018 жылғы 2 шілдедегі ақпаратына сәйкес МБЖЖ бағдарламасына қатысатын банктердің жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге, кассалық операцияларды жүргізуге лицензиясы бар.

 

Сондай-ақ, «Казкоммерцбанк» АҚ «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ға қосылу нысанында Банкті ерікті түрде қайда ұйымдастыруды жүзеге асырғандығын хабарлаймыз. «Казкоммерцбанк» АҚ мен «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның өкілетті тұлғалары қол қойған беру актісінің негізінде «Казкоммерцбанк» АҚ-ның клиенттермен шарттары бойынша барлық құқықтары мен міндеттері қайта ұйымдастырудың нәтижесінде тоқтамайды және әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен құқық мирасқорына (яғни, «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ға) ауысады.

 

Бүгінгі таңда МБЖЖ шеңберінде 16 802 561 331 теңге сомасына 19 166 білім беру жинақтау салымы тіркелді.

 

Ағымдағы жылдың ақпан айында 14 739 салымшы бойынша 757 409 000 теңге мемлекерт сыйлықақысы төленді. Осы уақытқа дейін салымдар бойынша есептелген мемлекет сыйлықақысының жалпы сомасы 1 644 761 000 теңгені құрады.  

 

Қазіргі уақытта МБЖЖ бойынша білім алатын студенттердің мониторингін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының ЖОО-ларымен 105 және колледждерімен 525 МБЖЖ саласында келісім жасалды.

 

Бүгінгі күнде 403 студент МБЖЖ шеңберінде білім алуда.