ҚР Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің 07.08.2018 жылғы ҚРҮкіметі отырысындағы (3-ші мәселе бойынша) баяндамасының жобасы

ҚР Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің 07.08.2018 жылғы ҚРҮкіметі отырысындағы (3-ші мәселе бойынша) баяндамасының жобасы

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

 

Білім және ғылым министрлігі «ЭКСПО-2017» көрмесінде орналасқан жаңа технологияларды қолдану бойынша бірқатар жұмыстар жүргізіп жатыр.

 

Өткен жылы желтоқсанда Энергетика министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі көрмеде ұсынған жаңа технологияларды қолдану туралы жол картасын бекітті. Онда біздің Министрлікке 8 іс-шара бекітілген. Олар бойынша Министрлік тиісті жұмыстар жүргізуде.

 

(Слайд 1) Қазіргі кезде шетелдік университеттер-мен, компаниялармен, ұйымдармен «Ынтымақтастық туралы» келісімдер, шарттар, меморандумдар жасалды. Соның нәтижесінде ВУЗ-дарда және ғылыми зерттеу институттарда 14 жоба мен бағдарлама орындалып жатыр.

 

Оның 12-сін ВУЗ-дар орындайды:

 

1) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 2 жоба;

 

2) Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ – 2 жоба;

 

3) М.Әуезов атындағы ОҚМУ – 1жоба;

 

4) М.Х. Дулати атындағы ТарМУ– 1 жоба;

 

5) С. Торайғыров атындағы Павлодар университеті – 2 жоба;

 

6) Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті –  4 жоба.

 

2 жобаны ғылыми зерттеу институт-тары орындап жатыр: 1) Ақпараттық және есептеу технологиялары институты – 1 жоба;

 

2) «Ұлттық биотехнология орталығы» – 1 жоба.

 

«ЭКСПО-2017» көрмесімен ғылыми-техникалық байланыс бойынша жақсы нәтиже көрсеткен жобаларға тоқталып өткім келеді.

 

Олар:

 

(Слайд 2) 1) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2 жоба –«Көмірсутекті газ қоспаларын конвектив-ті диффузия методы арқылы компонент-терге бөлуге арналған құрал» және «Жылу электр станциялары-ныңэнергиялық тиімді-лі-гін арттыру-ға арналған плазмотрон»

 

(Слайд 3) 2) Л.Н. Гумилеватындағы Еуразия ұлттық университеті «KSP Steel» ТОО-мен бірге технология-лық процестер-дің төмен температурада жылу қалдық-тарын утилизациялауға арналған, жылыту қуат-тылығы 400 кВт болатын жаңа блокты-модульді насос-тыңпилот-тық үлгісін жасау бойынша жобаны орындап жатыр. Жобаны орындау – зиянды заттарды атмосфераға шығаруды төмен-дету-ге, және жылуды өзіндік құны бойынша біршама төмен алуға мүмкіндік береді.

 

3) М.Әуезов атындағы университетте – «Әскери және жалпы мақсаттар-ға арналған пилотсыз ұшу аппараты түрінде атмосфералық спутник» жобасы орындалуда. Жоба – ұшу және техникалықхарактеристикасы жақсар-тылған атмосфералық спутник-тің отандық тәжірибелік үлгісін жасауға арналған.

 

4) М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті  Францияның VEOLIA компаниясымен бірге қағаз, тамақ, ағаш, пластик қалдық-тарын қайта өңдеу бойынша проектімен жұмыс жасап жатыр. Бұл проектіні орындау Жамбыл облысында қалдық-тарды қайта өңдеу-дің тиімді технологиясын енгізуге мүмкін-дік береді.

 

(Слайд 4) 5) С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік  университетінде 2 жоба бар: 1) «Жаяу жүрушілер плитала-рын электр энергиясын шығаруға пайдалану бойынша әзір-леме» және «Күн батареялар-ымен жұмыс істейтін автономды светильниктер».

 

Бұл светильниктер ерекшелігі – қарапайым жасалады және бағасы төмен. Олар көшелерге жарық беруге және фермер-лік шаруа-шылық-та жақсы қолданатын болады.

 

(Слайд 5) 6) Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде 4 жоба орындалып жатыр:

 

1. Рекуперация арқылы жылуды үнемдейтін когерация-лық типтегі микро жылу электро-станциясы.

 

2. «SmartGrid» көрмесін электрмен жабдықтайтын ресурс сақтаушы интеллектуалдықжүйені дайындау.

 

3. Негативті қысымды бу электр жылытқышы.

 

4. Гидродинамикалық қыздырғыш.

 

Қазіргі кезде «Рекуперация арқылы жылуды үнемдейтін когерация-лық типтегі микро жылу электро-станциясы» жобасы бойынша техникалық құжаттама және лабораториялық үлгі (қуаттылығы - 0,01 кВт) алынды. Электрлік генератор дайындалды. Сонымен қатар патенттер алуға заявка берілді (1 заявка ҚР патентіне, 1 заявка Еуразиялық патентке, 2 заявка интеллектуалдық меншік куәлігіне). Аталған жобалар-дың қалғаны коммерция-ландыру стадиясында.

 

Шәкәрім атындағы университет, С. Торайғыров атындағы университет, М.Өтемісов атындағы универсиет оқытушылардың академиялық мобильдігі, бірлескен білім беру бағдарламаларын дайындау туралы Меморандумдар мен Шарттар жасады.

 

(Слайд 6) Сонымен қатар, Ұлттық биотехнология орталығы «Қаланы көгал-дан-дыруға арналған инновациялық биотехнология» жобасы бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр (Дүниежүзілік банктің жобасы шеңберінде). Ағаш өсімдіктерін (ақ терек пен Болле терегі) микроклоналды көбейту технологиясын ТОО «Астана зеленстрой», ТОО «Астана орманы» өндіріске енгізген. Сондай-ақ, «Астана зеленстрой» дендропаркінде, ТОО «Астана орманы» территориясында осындай 200 ағаш көшеті өсіп тұр.

 

Ақпараттық және есептеу технологиялары институтында орындалып жатқан «3D принт технологиясын қолдану арқылы жылдам қозғалатын бионикалық қол модельдерін дайындау» жобасына ерекше көңіл бөлу қажет.

 

Жоба бойынша:

 

- осындай бионикалық қолдар мен саусақтарды аддитивті басып шығару технологиясын үйреніп, қолданып жатырмыз;

 

- датчиктер мен компьютер арқылы басқары-латын бионикалық қол прототипі алынды.

 

Қазіргі кезде ұлттық патент алуға заявка берілді.

 

Алдағы уақытта білім және ғылыми зерттеулер саласында келісімдер  бойынша жұмыс жалғасатын болады.

 

(Слайд 7) Сонымен бірге, ЭКСПО-2017 материалдарын білім беру процесіне енгізу мен пайдалану аясында мынадай шаралар қабылданды:

 

- балаларға арналған IT-технологиялар орталығы бар  Оқушылар Сарайының құрылысы (Петропавл қ.).

 

- Республика региондарында Оқушылар сарайлары базасында 6 мыңнан астам оқушыны қамтитын, балаларға арналған 7 технопарк пен 1 мың 500-ден астам бала оқитын 12 бизнес-инкубатор құру.

 

Министрлік Көрмеде ұсынылған жобаларды енгізу және пайдалану бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап, орындап жатыр.

Рахмет!