1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы (2018 жылғы 6 айдың қорытындысы) туралы
АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙ:
Мемлекеттік бағдарламаның 8 нысаналы индикаторының:
1 (12,5%) – ішінара орындалды;
QS-WUR рейтингінде белгіленген Қазақстан ЖОО-ларының саны, топ-200, топ-300, топ-500 топ-701+, жоспар: 1-2-2-8, факт– 0-1-5-10:
1 (12,5%) – орындалды;
ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың жалпы көлемінде тәжірибелік- конструкторлық әзірлемелерге арналған шығындардың үлесі, жоспар – 21,9%, факт – 24,9%.
6 (75%) – орындалуда.
Мемлекеттік бағдарламаның 52 көрсеткішінің:
3 (5,7%) – орындалды;
1. ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын шығындардың жалпы көлеміндегі бизнес шығыстарының үлесі, жоспар – 24%, факт – 32,3%;
2. Зерттеушілердің 2014 жылғы жалпы (18 930 адам) санынан зерттеушілер санының өсуі, жоспар– 16%, факт – 16,6%;
3. 2014 жылғы жалпы қажеттіліктен мектепке дейінгі ұйымдардағы орынға қажеттілікті қысқарту (194,6 мың орын), жоспар – 55,9 мың орын, факт – 0 орын.
1 (2%) – орындалмады;
1. Қазақстандық оқушылардың халықаралық және ұлттық зерттеулердегі нәтижелері: (ОЖСБ 9-сынып, жоспар – 60 балл,факт - 38,7 балл, ОЖСБ 4-сынып, жоспар - 25, факт –20).
48 (92,3%) – орындалуда.
2018 жылға 148 іс-шара орындау жоспарланған.
2018 жылы Мемлекеттік бағдарламаны орындауға 515 200,5 млн. тг. (РБ –209 777,9 млн. тг., ЖБ – 305 422,6 млн. тг.) бөлінді, оның ішінде 1-ші жартыжылдыққа қарастырылғаны – 218 805,9 млн. тг. (РБ – 75 099,6 млн.тг., ЖБ – 143 706,3 млн.тг.). Игерілгені – 99,4% (217 495,1 млн. тг.).
Мектепке дейінгі білім беру саласында 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 93,1%.
2018 жылдан бастап Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, ШҚО, БҚО, СҚО, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарының 25 қаласы мен 6 ауданында балабақшаға кезекке тұрудың және жолдама берудің автоматтандырылған жүйесі іске қосылды.
Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу жалғасуда. 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап 3,6,8-сыныптар жаңартылған мазмұнға ауысады. 3,6,8- сыныптардың оқулықтары мен оқу әдістемелік құралдары дайын. Қазіргі уақытта жаңартылған мазмұн бойынша 73 мың педагог оқытылуда (шамамен 150 мың мұғалім оқудан өтті). Жаңартылған мазмұн бойынша сабақ беретін 205 мың мұғалімнің (67%) жалақысы 30%-ға көтерілді.
Аттестациялауға қатысқан мұғалімдердің 63% аттестациядан өтті. Аттестаттаудың нәтижесі бойынша біліктілік санаттары үшін үстемақы 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап енгізілетін болады.
Астана қаласында толығымен 74 мемлекеттік және
11 жекеменшік мектепте жан басына қаржыландыру мехамизмі енгізілді. Сонымен қатар, осы жұмыс Шымкент қаласында да басталды.
Қазақстандық оқушылар PIRLS-2016 халықаралық зерттеуінде 27 орынды иеленді. Қазақстан IMD-2018 әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде «Білім беру» субфакторы бойынша 63 елдің ішінде 29-орынға ие болып, 2017 жылмен салыстырғанда 6 орынға көтерілді.
2018 жылы 17 мыңға жуық оқушы мен 597 мектеп директоры PISA-2018-ге компьтерлік форматта қатысты. Зерттеу нәтижелері 2019 жылғы желтоқсанда жарияланады.
ТжКБ саласында 489 мың контингенті бар 824 колледж қызмет етеді. Колледждерде кадрларды даярлау 246 мамандық пен 703 біліктілік бойынша жүргізіледі.
2018 жылы колледждерге бағдарлама мазмұнын жұмыс берушілердің талабы бойынша 80%-ға дейін, дуальді оқыту барысында 50%-ға дейін өзгертуге мүмкіндік беретін ЖМБС енгізілді.
Білім беру қажеттіліктері ерекше студенттер үшін тең жағдай мен кедергісіз қолжетімділік жасаған ТжКБ ұйымдарының үлесі 27% құрайды (2018 ж. жоспар –30%). 2018 жылдың соңына дейін 11 НҚА-ға ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалардың мамандық алуына жғадай жасау бөлігіндегі өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр.
Жоғары білім беру саласында ЖОО-лардың академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту үшін Заң қабылданды. Қазіргі таңда заңға тәуелді актілердің жобалары әзірленуде.
2018-2019 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс көлемі 66389 орынды құрады (бакалавриат – 50 894, магистратура –13 220, докторантура - 2275).
65 ЖОО-да қамқоршылық кеңес, 28 Бақылау кеңесі қызмет етеді. Ашық конкурс бойынша 19 мемлекеттік ЖОО-ның ректорлары тағайындалды.
Оқу пәндерінің 50%-ы ағылшын тілінде, 20%-ы екінші тілде, 30%-ы ағылшын тілінде оқытылады. 51 шетелдік ЖОО-мен бірге 310 қосдипломдық білім беру бағдарламалары іске асырылуда. Ағылшын тілінде 10 білім беру бағдарламасы енгізілуде.
Ғылым саласында 383 ұйым мен 22081 адам зерттеулермен және ғылыми әзірлемелермен айналысады. 2018-2020 жылдары гранттық қаржыландыру бойынша 1096 ғылыми жоба және ғылымды мақсатты-бағдарламалық қаржыландыру бойынша 92 бағдарлама, сонымен бірге шетелдік ғалымдардың қатысуымен 408 қазақстандық жоба іске асырылуда.