Төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстармен танысуды ұсынамыз (қоса беріледі):
1) «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына (ҚРҚЖ № 519);
2) «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысына (ҚРҚЖ № 891);
3) «Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 қаулысына (ҚРҚЖ № 785);
4) «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысына (ҚРҚЖ № 575)
Барлық мүдделі тұлғаларға ұсыныстарын ҚРҚЖ № 519 бойынша –nauka2019@mail.kz, ҚРҚЖ № 891 – gylym2019@mail.kz, ҚРҚЖ № 785 – K.Bekimova@edu.gov.kz, ҚРҚЖ № 575 – nauka1041@mail.kz поштаға жолдауды, кері байланыс үшін аты-жөнін және телефонын көрсетуді сұраймыз.
Аталған жобаларға ұсыныстар мен толықтырулар Ғылым комитетімен қарастырылатын болады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы қаулы жобаларын қоғамдық талқылау үшін legalacts.egov.kz ашық порталында орналастыру қарастырылуда.
Положение о национальных научных советах
Правила организации и проведения государственной научно-технической экспертизы