Хакатон – идеялар байқауы

Хакатон – идеялар байқауы

2019 жылдың 25 ақпанында ҚР Білім және ғылым министрлігі, Астана қаласының білім басқармасы EY компаниясымен бірігіп политехникалық колледж базасында техникалық және кәсіптік білім оқу орындарының студенттері арасында «Хакатон – идеялар байқауын» өткізеді.

 

Шараның мақсаты – Қазақстан колледждерінің үздік студенттерін коммерциялық және өндірістік салалардағы өзекті мәселелерді шешуге тарту.

 

Іс-шараға ҚР БҒМ Кәсіптік және техникалық білім департаментінің директоры Н.Ж. Оспанова қатысады.

 

Онда қатысуға экономиканың келесідей салалары бойынша қазақстандық іскерлік бірлестіктердің өкілдері – жұмыс берушілер  шақырылады:

 

 

  • құрылыс өнеркәсібі;
  • электроэнергетика саласы;
  • мұнай өнеркәсібі;
  • тау-кен өнеркәсібі;
  • ақпараттық технологиялар саласы (IT).

 

 

Жұмыскерлерге тиімділігі:

 

 

  • өз саласы бойынша үздік колледж студенттерін таңдап алу мүмкіндігі;
  • кәсібіне қажетті жаңа идеялар мен өзекті мәселелерге дайын шешім алу мүміндігі;
  • брендті танымал ету және компанияның нарықтағы танымалдылығын арттыру.

 

 

Өтетін орны мен уақыты: Бейбітшілік көш. 39, сағ. 10:00

 

Журналистерге аккредитация үшін: pressa.edu@gmail.com Перизат 74-24-14, Арман 87027259713.

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі