
2019 жылы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің 15 636 салымшысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ (МБЖЖ операторы) атынан 915 522 777 теңге көлемінде мемлекеттік сыйлықақы алды. Соның ішінде, 104 салымшының әрқайсысы 240 500 теңге көлеміндегі мемлекеттік сыйлықақының максималды мөлшерін иеленді.
Мемлекеттік сыйлықақы жыл сайын барлық салымшыларға төленеді:
* 5% - барлық санаттағы азаматтарға;
* 7% - (көтеріңкі мөлшерлеме) көп балалы отбасылардан шыққан балалар, мүгедек балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ жан басына шаққандағы азық-түлік себетінің құнынан төмен табысы бар отбасылардан шыққан балалар.
AQYL МБЖЖ бастау алған сәттен бастап мемлекеттік сыйлықақы төрт рет төленді:
* 2015 жылы – 4 748 000 тенге;
* 2016 жылы – 325 657 000 тенге;
* 2017 жылы – 556 947 000 тенге;
* 2018 жылы –757 409 000 тенге.
Барлығы: салымшыларға 2 570 283 000 теңге көлемінде мемлекеттік сыйлықақы төленді.
Анықтама үшін: МБЖЖ аясында әрбір азамат өзінің немесе баланың атына «AQYL» білім беру депозитін ашып, жыл сайын мемлекеттен ақшалай сыйлықақы ала алады.
«AQYL» білім беру депозиті тыйым салулардан және үшінші тұлғалардың (кредиттер, соттар және т.б.) басқа да шектеулерінен қорғалған және мемлекет тарапынан 10 000 000 теңгеге дейін кепіл берілген.