
Биыл 3-14 шілде аралығында Клуж-Напока қаласында (Румыния) мектеп оқушылары арасында 59-шы Халықаралық математикалық олимпиада өтті.
Олимпиадаға 116 елден 615 оқушы қатысты. Әдеттегідей, олимпиада 2 турдан бойынша өтті. Әр раундта қатысушыларға 3 тапсырма берілді, олардың әрқайсысы 7 ұпаймен есептеледі. Нәтижесінде, қатысушының ең көп дегенде 42 ұпай алуға мүмкіндігі бар. Биылғы тапсырмалар өте күрделі болды.
Олимпиада қорытындысы бойынша математикадан Қазақстан құрамасы 4 күміс, 2 қола медальді жеңіп алды. Командалық жарыста біздің команда 18-ші орынды иеленіп, әлемнің 20 елінің қатарына енді. Қатысушылардың нәтижелері:
Аманбаева Аружан - Алматы қаласының Республикалық физика-математикалық мектебінің НАО 11 сынып оқушысы - күміс медаль (29 ұпай);
Цеховой Алексей - Алматы қаласындағы № 165 мамандандырылған лицейдің 11 сынып оқушысы - күміс медаль (28 ұпай);
Қудайбергенов Әлихан - Астана қаласының «Білім - Инновация» мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы - күміс медаль (28 ұпай);
Біләли Шыхыс - «Хэйлибэри Алматы» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы - күміс медаль (25 ұпай);
Асматуллаев Рахман - Алматы қаласы №165 мамандандырылған лицейдің 11 сынып оқушысы - қола медаль (21 ұпай).
Зиманов Алихан Алматыдағы «Тамос білім» физика-математикалық мектебінің 10-сынып оқушысы - қола медаль (20 ұпай)
Директор Ш. Қирабаева