
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Төрткүл дүниедегі жылт еткен жаңалықты дер кезінде жеткізіп, қоғамда орын алып жатқан үрдістерді БАҚ-тарда объективті және жан-жақты көрсетіп жүрген сіздердің кәсіби қызметтеріңізді қадірлейміз. Журналистер үнемі оқиғалардың ортасында жүреді, бұл шынымен де, жауапты жұмыс. Білім және ғылым саласындағы жаңалықтарды халыққа жеткізудегі еңбектеріңіз де бір төбе. Алдағы уақытта да білім беру саласындағы жаңалықтарды жұртшылыққа кеңінен түсіндіруді бірлесе жүргізе береміз деген сенімдемін. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, денсаулық, бақыт тілеймін!
Ерлан САҒАДИЕВ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі.