Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жобасы

Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жобасы

Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» атты жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асырады. Жобаның мақсаты -  балалардың бойында адамгершіл қасиеттерін дамыту, мейірімділік, достық және барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту.

 

Мереке қарсаңында республикадағы барлық мектептерде, балалар үйлерінде және басқа да білім беру ұйымдарында осы тақырып аясында түрлі мерекелік іс-шаралар, танымал адамдармен, ардагерлермен кездесулер, жылжымалы көрмелер, байқаулар өткізу жоспарлануда. Жоба балаларға, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға толеранттық тәрбие бойынша практикалық жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жоба іс-шараларды өткізуді қарастырады және балаларды барынша көп жұмылдыруға мүмкіндік береді:

 

- 2019 жылғы 14 қаңтар-28 ақпан аралығында www.ziyatker.org ғылыми-танымдық сайтында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар арасында «Шексіз шығармашылық» республикалық қашықтықтан өткізілетін байқауы; 

 

- 2019 жылғы 24-25 ақпан аралығында Алматы қаласында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың республикалық дебат турнирі;

 

- 2019 жылғы 28 ақпан–1 наурыз аралығында Алматы қаласында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілері арасында «Қазақстан – менің алтын бесігім» республикалық балалар фестивалі өткізіледі.

 

Балалардың аталған іс-шараларға қатысуы шығармашылық әлеуеттері мен жеке мүмкіндіктерін дамыту процесінде өздерінің даралықтарын сезініуіне ықпал етеді. Іс-шараның қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздарға дипломдар мен құнды сыйлықтар, жетекшілеріне – Алғыс хаттар беріледі.

 

Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Оқушылар сарайының концерт залы, Достық көшесі, 124.

 

Қосымша ақпарат үшін: + 7 (7172) 64 27 32; + 7 (7172) 64 27 31; e-mail: rumcdo.muz@mail.ru

 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.