
Астанада робототехникадан World Robot Olympiad атауымен өткен республикалық чемпионат аяқталды. Шараның ұлттық үйлестірушісі – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы.
Жарыс төрт санаттан тұрды, дәстүрлі «базалық», «креативті», «роботтар футболы» және жаңа санат – «Smart city».
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ төрайымы Күләш Шәмшидинова бірінші болып жас робототехниктерге сәттілік тіледі. Дәстүрлі қызыл лентаны бұл жолы Күләш Ноғатайқызына екі дрон төбеден ұшырып әкелді. Мұны зал таңқалыспен және қошеметпен қарсы алды.
«WRO 2018» тақырыбы «Астың маңызы» деп аталды. Сондықтан болар жобалардың басым бөлігі тағамдармен байланысты болды. Органикалық су капсулаларын жасайтын робот, тағамға арналған 3D принтерлер, жарма ботқасын дайындайтын робот, ақылды азық-түлік дүкендері, роботтық саңырауқұлақ фермасы, робот бағбандар – жалпы балалардың әкелген идеялары тың әрі қызықты екені байқалды. Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жұлдызды командасының биылғы идеялары да әдеттегідей ерекше. Атақты тренер Николай Авдюниннің бастамасымен жас өнертапқыштар Даниил Филимонов пен Абдырасул Расулов «Space garden» немесе «ғарыштағы жылыжай» деп аталатын жұмыстарын қазылар алқасына ұсынды. Бұл құрылғы ұзақ ғарыштық экспедицияларға арналған кеңістіктегі өсімдіктерді автоматты өсіру болып табылады. Робот станцияда ұшып жүріп егін егіп оны жинаумен, сонымен қатар күтіп баптаумен айналысады. Сайыста аштыққа қарсы жаһандық күреске арналған бірқатар қызықты жобалар болды. «Hunger Fighter» деген атаумен ұсынылған жұмысты Ақтөбе қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Тимур Жаникаев пен Асан Қожин жасаған. Олардың роботтары тағамды молекулалық асханалық принцип бойынша дайындайды және тасымалдау кезінде азық-түлікті ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік береді. Шымкент қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Заи» жобасының негізін жасаған. Топырақты қайта қалпына келтіретін жобаның негізін қалауға, олар африкалық фермердің тарихынан шабыт алыпты. Якуб Савадого есімді фермер дәстүрлі африкалық агрономия арқасында Буркино-Фасодағы қуаңшылықпен күресіпті.
Көрші Ресейде өтіп жатқан әлем Кубогына байланысты ерекше қызығушылық биылғы жылы «Футбол роботтары» санатына себеп болды. Үздік «ойыншылар» Петропавл қаласының Зияткерлік мектебінің командасына болып, осы санатта олар жеңіске жетті.
Барлық жеңімпаздар жаттығу кездесулеріне қатысады және оның барысында Тайландта өтетін Дүниежүзілік роботтар олимпиадасында ел намысын қорғайтын ұлттық команда құрылады.







