«Оқулықтың жаңа моделін әзірлеудің тиімді технологиялары»

«Оқулықтың жаңа моделін әзірлеудің тиімді технологиялары»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылғы 21-22 маусым күндері Астана қаласында «Оқулықтың жаңа моделін әзірлеудің тиімді технологиялары» тақырыбында оқулық авторлары мен сарапшыларына арналған  оқыту семинарын өткізуде. Семинардың мақсаты – жаңартылған мазмұндағы оқулықтарды әзірлеу мен сараптама жүргізуде авторлар мен сарапшыларға  практикалық көмек көрсету.  Семинар барысында Шотландия, Ұлыбритания, Греция елдерінен келген мамандар, отандық ғалымдар мен оқу әдебиеттері авторларының дәрістері тыңдалып, шеберлік сыныптары мен тренингтер өткізілуде.

 

Семинардың екінші күні электрондық оқу құралдарын әзірлеудің заманауи тәсілдерін қолдану бойынша бірқатар ұйымдардың озық тәжірибесін көрсетуге арналған. Семинардың практикалық бөлімінде  қатысушыларды  оқулықтарды сараптамалық бағалау  әдістемесіне   үйрету қарастырылған.

Семинар «Нұр Орда» Халықаралық мектебінің базасында өткізілуде.