2018 жылы 8 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Б.С. Айтимова шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.
Негізгі іріктеу критерийлері: магистратура мен докторантураға бакалавриаттың білім туралы дипломының орташа балы 4,5-ке (5,0-тен) және GPA-ң 3.0-ге (4.0-тен) сәйкес келеді.
Халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу барысында артықшылыққа ие:
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
2) балалық шағынан мүгедек балалар және медициналық қорытындыға сәйкес шетелде оқуға тыйым салынбаған мүгедек балалар
3) көп балалы отбасылардың балалары.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің шеңберінде Беларусь тарапы 6 грантты ұсынды: Бакалавриатураға 3; Магистратураға 2 стипендия, ғылым кандидаты дәрежесіне 1 стипендия берілді.
Үміткерлерден құжаттарды қабылдау осы жылдың 17 мамырынан 1 маусымына дейін жүргізілді. Барлығы 6 өтініш берілді.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы 2018/2019 оқу жылындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің негізінде поляк тарапы Польшаның жоғары оқу орындарында қазақстандық азаматтарды оқытуға арналған 11 стипендия ұсынды.
Өтініш берушілердің құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 5 - 21 сәуір аралығында өткізілді. Барлығы 41 өтініш келіп түсті.
Комиссияның құрамы ҚР Парламенті Сенатынан және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарынан, ҮЕҰ және БАҚ өкілдерінен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында құрылды.
Комиссия шешіміне сай, беларустық ЖОО-да оқу үшін іріктелген 5 үміткерге, сондай-ақ поляк жоғары оқу орындарында оқу үшін 11 үміткерге гранттар берілді.
Список
рекомендованных претендентов на обучение в Республике Беларусь
в 2018-2019 учебном году по итогам заседания Комиссии по отбору
претендентов для обучения в зарубежные высшие учебные заведения
|
№ |
Candidate name (as in passport) |
Study level |
|
1. |
Safiullin Tuleubay |
bachelor |
|
2. |
Toktar Abzal |
bachelor |
|
3. |
Zibashova Zhansaya |
bachelor |
|
4. |
Gilazheva Galiya |
master |
|
5. |
Batanov Assylanbek |
master |
Список
рекомендованных претендентов на обучение в Республике Польше
в 2018-2019 учебном году по итогам заседания Комиссии по отбору
претендентов для обучения в зарубежные высшие учебные заведения
|
№ |
Candidate name (as in passport) |
Study level |
|
1. |
Seitzhan Alisher |
bachelor |
|
2. |
Seitkanova Diana |
bachelor |
|
3. |
Maratov Said |
bachelor |
|
4. |
Omirserikova Dilara |
master |
|
5. |
Uakhitova Dilbar |
master |
|
6. |
Abilkaiyr Yerkinbek |
master |
|
7. |
Tolek Jadira |
master |
|
8. |
Sissengaliyev Kuanysh |
PhD |
|
9. |
Zhumsakbayev Aman |
PhD |
|
10. |
Malikov Sayat |
PhD |
|
11. |
Ahkmettayeva Svet |
PhD |