Үлкен және кіші ауылдар мен қалаларда, облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің Шеруінің өткізілуі туралы баспасөз хабарламасы

Үлкен және кіші ауылдар мен қалаларда, облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің Шеруінің өткізілуі туралы баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдардың және басқа қызығушылық танытқан ведомстволар мен ұйымдардың қолдауымен Халықаралық балаларды қорғау күні (ағымдағы жылғы 1 маусым) Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің Шеруін өткізуді жоспарлап отыр.

 

Халықаралық балаларды қорғау күні – бұл әрқашан ашық, шуақты, шынымен де көңілді балалар мейрамы.

 

Аталған күні Шеруді өткізу республиканың мәдени өміріндегі айтулы оқиға болмақ.

 

Шерудің мақсаты – оқушылар мен студенттердің шерулік, көшеде фестивальдік жүріп өтуін қолдау және дамыту.

 

Шерудің міндеті балалар мен жастардың музыкалық мәдениетінің деңгейін арттыру, өз ұйымы үшін мақтаныш сезімін және оған қатыстылығы сезімін қалыптастыру, республиканың оқу орындарының беделін көтеру және жарнамалау болып табылады. Шеру – бұл біздің елдің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін кең көлемді республикалық акция.

 

Былтырғы жылға қарағанда былғы жылы Шерудің өткізу географиясы айтарлықтай кеңейді. Бір уақытта елдің барлық елді мекендерінің, үлкен және кіші қалаларының орталық көшелерімен 527 мың оқушы, студенттер, олардың ата-аналары мен педагогтер салтанатты шерумен жүріп өтеді. Шерудің салатантты колонналарын – барабаншылар отряды, үрлемелі оркестрлер мен ансамбльдер, мажореткалар, черлидерлер, хор және би ұжымдары құрайды.

 

Шеруге 5 мыңнан аса ұйым қатысады.

 

Музыкалық ұжымдардың жалпы саны – 8 671.

 

Қызықты репертуар, музыкалық аспаптардың түрлілігі, шығармалардың аранжировкаларының ерекшелігі, өнер көрсету кезінде музыкалық қызметтің бірнеше түрінің бірігуі: ән айту, қозғалу, аспапта ойнау, музыкалық ұжымның бірыңғай формасы – осылардың барлығы балалар мейрамын ең бір ашық және есте қалатындай ете түседі.

 

Әрбір қатысушы музыкалық ұжым үшін Шеру – көркем-эстетикалық даму формасы, балалардың, педагогтер мен ата-аналардың шығармашылық жетістіктерін көрсететін үлкен мүмкіндік.

Шеру дайындығына оқушылар, студенттер, мектеп мұғалімдері, колледждер мен ЖОО-ның оқытушылары, ата-аналар және мәдениет және спорт өкілдері белсенді араласты.