Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2018 жылғы 31 мамыр-1 маусым аралығында Астана қаласында «Тұрақты даму мүдделерінде үздіксіз білім беру: жаңа сын-тегеуріндер» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференция Біріккен Ұлттар Ұйымының тарихи саммитінде әлемнің көшбасшылары 2015 жылдың қыркүйегінде қабылдаған, 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған 17 тұрақты даму мақсаттарының бірі ретінде анықталған, өмір бойы оқытудың өзекті мәселелеріне арналған.
Конференцияда келесі бағыттар бойынша өзекті мәселелер талқыланады:
- заманның жаһандық сын-тегеуріндері және білім миссиясы, білім экономикасының жаңа талаптарын ескере отырып, білім беру жүйесін трансформациялау, оқытудағы және оқудағы инновациялар;
- білім берудегі қауіпсіздік компонентін біріктіру, қауіпсіз және достықта оқыту ортасының индикаторлары, экологиялық қауіпсіздік, балаларға зорлық көрсету және оларды қатал жәбірлеудің алдын алу, киберқауіпсіздік;
- халықаралық еңбек нарығы және мәдениаралық коммуникацияларға арналған көптілді білім берудің жаңа қырлары, көптілді білім беру мен көпмәдени тәрбиелеудің арақатынасы, ХХІ-ғасырдағы тілдік және коммуникативтік құзыреттердің педагогикалық өлшемдері, көптілді білім берудің ерекшеліктері және әртүрлі елдердегі көптілді білім берудің табысты практикалары;
- ақпараттық қоғам дамуының үрдістері. Ақпараттық қоғамдағы адам. Жаһандық ақпараттық инфрақұрылым жағдайындағы зияткерлік мүдделер мен білім. ХХІ -ғасырдағы ақпараттық-білім беру ресурстары: үздіксіз білім беруге арналған жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар.
Конференция жұмысына ЮНЕСКО штаб-пәтері Дүниежүзілік үздіксіз білім беру комитетінің халықаралық сарапшылары, Еуропадағы (Германия, Франция, Румыния, Сербия) алдыңғы қатарлы университеттердің, қеңестік дәуірден кейінгі елдердің танымал ғалымдары қатысады.
Ақпараттық хат, конференция бағдарламасы және басқада материалдар Конференция сайтында орналасқан: http://lifelong-education-conf.kz/
Пленарлық отырыстың өткізілетін орны: Астана қаласы. Қорғалжын тас жолы, 2 «А» «Думан» қонақ үйінің Үлкен конференц-залы (2-қабат).
Отырыстың басталуы: 2018 жылғы 31 мамыр, сағат 09.00
Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.
Анықтама келесі тел/факс бойынша: 8(7172)-57-72-03, 57-63-25, 57-63-56, 8 777 26 57 439