Работа по Международным правилам системного менеджмента – веление времени

 Работа по Международным правилам системного менеджмента – веление времени

2018 жылдың 21 - 23 мамыры аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылода мемлекеттік университетінің ОПҚ мен қызметкерлері үшін «ISO 9001:2015 халықаралық стандарты негізінде бизнесті басқарудың халықаралық ережелері. Кәсіби маманның қазіргі жағдайларда тұлғалық өсуі» тақырыбына семинар ұйымдастырылды.

 

Семинардың мақсаты: тыңдаушыларды ISO 9001 халықаралық стандартының негізгі ережелерімен таныстыру және оларға өз қызметінде осы ережелерді қолдануға қозғау салу. 

 

Семинарды Қазақстан Сапа менеджменті академиясының Президенті, профессор, техника ғылымдарының докторы Соловьев Владимир Иванович өткізді. 3 күн бойына тыңдаушылар ISO 9001- бұл науқан емес, бұл өмір салты екенін, оны жүзеге асыру күш жұмсауды, табандылықты және тиісті психологиялық көңіл-күйді талап ететінін жаңа деңгейде ұғынуға мүмкіндік беретін білім алды. 

Қорытындысында, жүйелік менеджменттің халықаралық ережелері бойынша жұмыс істеу қажеттігін қоғамның түсінгендігі аталып өтті.  ISO 9001 белсенді  қолдану  - кәсіпорынның, жалпы елдің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ететін  уақыт талабы, ол мемлекеттің басымдықтарын іске асырып, дамытуды ескере келе, экономикамыздың сапасын жақсартуға, сол арқылы озық дамыған елдермен салыстыра отырып, тіршілік сапасын жақсартуға мүмкіндік жасайды.