Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы
Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
ХХII отырысының
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2018 жылғы 26 сәуірде өңірлерді қоса отырып, бейнеконференцбайланыс режимінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтың төрағалық етуімен
балаларды мектепке қауіпсіз тасымалдауды ұйымдастыру, белсенді демалыс орындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың арасында зорлық-зомбылықтың және суицидтің алдын алу мәселелері қаралатын Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) ХХII отырысы өтеді.
ВАК жұмысына Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл З. Балиева, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ішкі істер, Сыртқы істер, Инвестициялар және даму, Ақпарат және коммуникация, Ұлттық экономика, Мәдениет және спорт министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуы жоспарлануда.
ВАК қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар тарапынан нақты ұсынымдамалар тұжырымдалады.
_____________________________
Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
ВАК кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында 2007 жылы құрылды.