3, 6 және 8 сыныптарға және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді басып шығаруға дайындауды үйлестіру мақсатында құрылған Жұмыс тобының жұмыс қорытындылары бойынша брифинг өткізілді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  ағымдағы жылдың 26 сәуір күні (өткізілетін уақыты ,орны ) Алматы қаласында  3, 6 және 8 сыныптарға және  мектепке дейінгі тәрбие мен  оқытуға  арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді  басып шығаруға дайындауды  үйлестіру  мақсатында құрылған   Жұмыс тобының жұмыс қорытындылары бойынша Брифинг өткізілетінін хабарлайды.

Жұмыс тобы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді  бұқаралық ақпараттық құралдар өкілдерімен бірлесіп қарастыру, тіл  мамандарымен бірлесіп лингвистикалық талдау жасау және  пәндік комиссиялардың ұсыныстары бойынша баспа алды  пысықтау жұмыстарын жүргізді.

Жұмыс тобының қызметі  жаңартылған мазмұндағы оқулықтардың  сапасын жақсартуға бағытталған кешенді іс-шара болып табылады.

Брифингке «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының басшылығы, баспа және баспасөз өкілдері, авторлар мен сарапшылар қатысты.