«Қоғамдық сананы жаңғырту аясында ғылыми жаратылыстану білімінің сапасын арттыру: үздік тәжірибелер мен инновациялар» республикалық форум өтеді

«Қоғамдық сананы жаңғырту аясында ғылыми жаратылыстану білімінің сапасын арттыру: үздік тәжірибелер мен инновациялар» республикалық форум өтеді

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция аясында дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 79 қадамы», «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесіп 2018 жылғы 3-4 мамырда Ақтау қаласында физика, химия, биология және информатика пәні мұғалімдерінің «Қоғамдық сананы жаңғырту аясында ғылыми жаратылыстану білімінің сапасын арттыру: үздік тәжірибелер мен инновациялар» республикалық форум (бұдан әрі - Форум) өткізеді.

 

Форум жұмысына ғалымдар, білім басқармаларының басшылары мен қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, ғылыми-жаратылыстану пәндері циклінің әдіскерлері мен мұғалімдері қатысады.

 

Форум аясында ғылыми-жаратылыстану білім берудің жай-күйі және жетілдірудің қазіргі заманғы тәсілдерді; физика, химия, биология, информатика оқу пәндері бойынша білім мазмұнын, оқыту әдістері мен технологияларын жаңарту; жаңа стратегиялар мен технологияларды қолдану арқылы жалпы білім беретін мектепте ғылыми-жаратылыстану бағыты пәндерін оқыту барысында білім беру процесін қолдау; жоғары сыныптарда «Физика», «Химия», «Биология» және «Информатика» пәндерін ағылшын тілінде оқыту (оқыту тіліне қарамастан); білім берудің жаңа стандарттары мен еңбек нарығының талаптарын ескере отырып педагог кадрларды даярлау және кәсіби біліктілігін арттыру мәселелері талқыланады.

 

Форумның қорытындысы бойынша Қарар қабылданады.

 

Пленарлық отырыс «Шығыс» шағынауданында орналасқан «Хан Шахар» салтанат залында өткізіледі. Форумның пленарлық мәжілісінің басталуы: 2018 ж. 3 мамыр, сағ. 10:00.

 

Секциялық мәжілістер Назарбаев Зияткерлік мектебінің, «Білім-Инновация» лицейінің, дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің базаларында өткізіледі (3 мамыр, 14:30 сағ., 4 мамыр, 9:00 сағ.).

 

Форумның жұмыс тілі: қазақ, орыс тілдері.

 

Барлық сұрақтар бойынша тел/факс: 8(7172)-57-72-03, 57-66-50.

 

 

Қазақстан Республикасы

 

Білім және ғылым министрлігі