IELTS тестін тапсырып, алаяқтарға ұрынып қалмаңыз

IELTS тестін тапсырып, алаяқтарға ұрынып қалмаңыз

IELTS тестін дұрыс тапсырып, сертификаттың түпнұсқасын қалай алу керектігі жайлы Tengrinews.kz-тің материалында. Ағылшын тілі бойынша білімін тексергісі келетін үміткерлерді Қазақстан бойынша екі ресми ұйым ғана сынақты қабылдай алады. Олар - InterPress (халықаралық тіл орталығы) мен British Council (Британдық Кеңес – Британияның мәдениет пен білім саласын таныстыратын халықаралық ұйым).

 

«IELTS емтиханы сапаның қатаң бақылануы, нәтижелердің сенімділігі мен емтиханның ашықтығына кепілдік беретін басқа да шараларды қамтиды.  Ұйымдарға үміткерлерінің IELTS сертификаттарының шынайылығын мұқият, әрі тегін тексеруіне мүмкіндік беретін онлайн-қызмет бар»,- деп Tengrinews.kz тілшісіне Британдық Кеңес жауап берді.

 

Тестті тапсырмастан бұрын ресми ұйымдарға тіркелу керек. Британдық Кеңесте IELTS емтиханына тіркелу тек онлайн режимде жүргізіледі.  Ол үшін тапсыратын күні мен орнын таңдау қажет. Ақпаратты www.britishcouncil.kz сайтынан алуға болады. Сайт арқылы онлайн режимде тіркеліп, сынақтың ақысын төлеу керек.

 

Ұйымда «Сынақтың ақысын онлайн режимде банк картасы арқылы немесе банктік аударманың көмегімен төлеуге болады. Қазақстандағы Британдық Кеңес IELTS ақысын қолма-қол төлем арқылы қабылдамайды», - деп атап өтті.

 

Бір апта бұрын тапсырушының электронды поштасына өтетін орны мен емтиханның кестесі жіберіледі.

 

Тестілеудің екі түрі бар: академиялық (Academic) және жалпы (General Training). Қандай түрін тапсыратыны үміткердің тапсырудағы мақсатына байланысты.

 

Мысалы, егер үміткер университетте бакалавр немесе магистратурада (undergraduate, postgraduate studies) оқығысы келсе немесе ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттегі кәсіптік ұйымда қызмет еткісі келсе (дәрігер, инженер, заңгер), IELTS Academic Modulе түрін таңдайды.

 

Егер үміткер ғалымдық дәреже алмайтын қысқа мерзімді курстарда оқығысы келсе, жұмыс істегісі келсе немесе ағылшын тілінде сөйлейтін елде іс-тәжірибеден өткісі келсе, сол елге көшуді ойласа, онда IELTS General Training Module түрін таңдауы керек.

 

IELTS сынағының нәтижесіне әр ұйымның талаптары әр түрлі болуы мүмкін. Кей жағдайларда ұйым екі модульді де қабылдайды. IELTS емтиханы келесі тәртіп бойынша тапсырылатын 4 бөлімнен тұрады: тыңдау (listening),  оқу (reading), жазбаша (writing), ауызекі сөйлеу (speaking).

 

Емтиханның жазбаша кезеңінің (Listening, Reading, Writing) бөлімдері үзіліссіз, бір күнде өтеді. Әңгімелесу (Speaking) жазбаша тесттен 7 күн бұрын немесе бір күннен кейін болады. Емтиханның академиялық модулі мамандықтан бөлек, академиялық ортада тілді қолдана білуін бағалайды. Сынақтың жалпы модулі тілді күнделікті өмірде қолданысын бағалайды. Тапсырмалар мен тестілер жұмыста немесе күнделікті жағдайда кездесетін жағдайлар бойынша беріледі.

 

Британдық Кеңесте IELTS тапсыратын үміткерлер алдын ала нәтижелерді сайтта (https://ielts.britishcouncil.org/CheckResults.aspx?_ga=2.247495879.115971304.1524478600-59051273.1515990785) көрсетілген нақты күнінен кейін 13 күннен соң 14:00-де көре алады.

 

Үміткер куәліктің бір данасын қолына алады. Тестті тапсырған адам Алматыдағы British Council кеңсесінен жазбаша емтиханды тапсырғаннан соң 13 күннен кейін немесе жазбаша емтиханнан соң 17 күннен кейін Британдық Кеңестің Астанадағы кеңсесінен сертификатын ала алады.

 

Егер үміткер басқа қалада тұратын болса, Британдық Кеңеске сертификатты пошта арқылы жіберуін алдын ала өтініп, ала алады.

 

Куәліктің түпнұсқасының көшірмесін алу үшін үміткер тест тапсырған орталығына екі жылдың ішінде өтініш бере алады. Өтінімді беру туралы қосымша ақпаратты Британдық Кеңестің (https://www.britishcouncil.kz/ru/exam/ielts/results) сайтынан алуға болады.

 

Куәліктің шынайылығын қалай тексеруге болады? IELTS куәлігінің көшірілмейтін ішкі қауіпсіздік жүйесі бар. Құжат әр куәлікті бір-бірінен ерекшелейтін белгілі бір сипаттамалары бар арнайы қағазбен жасалады.

 

Тестті өткізетін Қазақсатандағы ұйымдар сертификаттың шынайылығын тексере алмайды. Ол тек IELTS Verification Service (https://www.ielts.org/ielts-for-organisations/processing-and-verifying-ielts-results)  онлайн жүйесі арқылы жүзеге асады.

Айта кетейік, жақында ғана жасанды IELTS сертификатының салдарынан үлкен дау туды. Медицина университетінің 117 студенті магистратура, резидентура мен докторантураға түсер кезде жалған IELTS сертификатын алған.  Жоғары оқу орны барлық материалдарды ІІД-не  https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/dvd-astanyi-rasskazali-rassledovanii-faktu-poddelnyih-IELTS-342950 ) жіберілді, әлі қаралып жатыр. Сотқа 26 іс жіберілді.