«WorldSkills Kazakhstan»

«WorldSkills Kazakhstan»

Үстіміздегі жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі А.Қ.Аймағамбетовтың төрағалық етуімен «WorldSkills Kazakhstan» Бас Ассамблеясы техникалық комитетінің отырысы болып өтті. Отырыс барысында техникалық комитеттің жұмысын ұйымдастыру бойынша баяндамалар тыңдалды. Жиын барысында сондай-ақ, «WorldSkills Kazakhstan» чемпионатына дайындық барысы және басқару жүйесін жетілдіру мәселелері пысықталды. Отырысты қорытындылаған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі А.Қ.Аймағамбетов аталмыш чемпионатты жоғары дәрежеде өткізу қажеттігіне баса назар аударды. Айта кеткен жөн, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингін «WorldSkills Kazakhstan» чемпионаты бойынша қажет жұмыстарды ұйымдастыруға жауапты етіп бекіткен болатын.

 

WorldSkills Kazakhstan миссиясы  — кәсіптік бағдар механизмін, мамандарды даярлау, сарапшылар қауымдастығын құру және еңбек өнімділігін арттыруды қоса алғанда, халықаралық стандарттар негізінде техникалық мамандықтар бойынша өндіріс орындары саласын жоғары технологиялық мамандармен қамтамасыз ету механизмін құру.

 

Басты мақсаттар:

 

1. жастарды кәсіптік даярлау саласындағы әлемнің үздік тәжірибесін анықтау және ҚР техникалық және кәсіптік білім (бұдан әрі – ТжКБ) беру жүйесіне енгізу;

 

2. Қазақстанның ТжКБ беру жүйесіне жаңа оқыту технологияларын енгізу және инновациялық процестерді ынталандыру;

 

3. оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша үнемі әдістемелік көмек арқылы Қазақстанның сарапшылық қауымдастығын дамыту;

 

4. еңбек адамы дәрежесін және техникалық кәсіп мәртебесін арттыру.

 

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі.