35-і Балқан математикалық олимпиадасы өткізілді

35-і Балқан математикалық олимпиадасы өткізілді

Белград қаласында (Сербия) 2018 жылдың 7-12 мамыр күндері 35-і Балқан математикалық олимпиадасы өткізілді. Қазақстанның құрама командасына Астана, Алматы және Павлодар ққ. оқушылары енгізілді.

 

Біздің математиктер олимпиадада жақсы нәтиже көрсете білді. Жалпыкомандалық есепте 18 қатысушы-елдер арасында құрама командамыз 5-і орында тұр. Командалар арасындағы бірінші ондық: Болгария, 230 ұпай; Румыния, 223 ұпай; Сербия, 193 ұпай; Түркия, 182 ұпай; Қазақстан, 179 ұпай; Сербия (2-і команда), 155 ұпай; Грекия, 135 ұпай; Сауд Аравиясы, 123 ұпай; Молдова, 117 ұпай; Босния и Герцеговина, 115 ұпай.

 

Республикалық құрама командасы 5 медальға ие болды – 2 алтын, 1 күміс, 2 қола және 1 Құрмет грамотасы.

 

Павлодар облысынан команда құрамында «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 11 сынып оқушысы, Әлемдік математикалық олимпиадаларының (ІМО-2016, ІМО-2017) екі мәрте жеңімпазы, халықаралық олимпиадаларының бірнеше рет жеңімпазы мен жүлдегері Мохаммед-Али Амир болды. Осы жолы да Амир еліміздің қоржынын тағы бір алтын медальмен толықтырды.

 

ҚР құрама командасының жекелей нәтижелері төмендегідей болды:

 

Мохаммед-Али Амир, 11 сынып, Павлодар қ., «Жас дарын» – 40 ұпай, алтын медаль; Кудайбергенов Алихан, 11 сынып, Астана қ., БИЛ – 40 ұпай, алтын медаль; Аманбаева Аружан, 11 сынып, Алматы қ., РФМШ – 34 ұпай, күміс медаль; Зиманов Алихан, 10 сынып Алматы қ., ТЭФМШ – 27 ұпай, қола медаль; Асматуллаев Рахман, 11 сынып, Алматы қ., 165 лицей – 26 ұпай, қола медаль; Нарбаев Бакдәурен, 11 сынып, Астана қ., РФМШ – 12 ұпай, Құрмет грамота.