2018 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиевтің халыққа есеп беру кездесуін өткізу туралы

2018 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиевтің халыққа есеп беру кездесуін өткізу туралы

2018 жылдың 25 сәуірінде орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиевтің халыққа есеп беру кездесуі өтті.

 

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиев, Қазақстан Республикасы Білім Білім және ғылым вице-министрлері Асхат Аймағамбетов және Талғат Ешенқұлов қатысты.

 

Министр Ерлан Сағадиев айтып кеткендей, есеп беру кездесуінде залда 800 жуық адам болды, бейне конференциялық байланыс арқылы 15 аймақта 850 адам қамтылды. Есепті тыңдаушылар контингенті ата-алар және педагогикалық қауым, үкіметтік емес ұйымдар, білім саласы қызметкерлерінің кәсіптік одақтарының өкілдері мен педагогикалық еңбек ардагерлерінен құралды.

 

Халық алдында есеп беру кездесуі Bnews ақпараттық порталы, ҚР БҒМ «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы және  «Хабар-24» телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

 

Халықтан келіп түсетін қосымша сауалдар үшін зал алдында холлда барлық сұрақтар тіркеліп отырған «Министрге сұрақ қой – Задай вопрос министру» ақпараттық үстелінің жұмысы ұйымдастырылды.

 

Есеп беру кездесуінің барысында халықты толғандыратын білім және ғылым саласының күрделі сұрақтар қойылды.

 

Осылайша, кездесу барысында 28 сұрақ қойылды, оларға ашық түсіндірілген жауаптар берілді.

 

Ведомство басшысы баспасөз конференциясы барысында осы жылдың мамыр-маусым айларында өтетін бірқатар іс-шараларды жариялады. ҚР БҒМ бастамасымен 2017 жылдан бастап оқу жылының соңында барлық қазақстандық мектептер Жалпы ұлттық ата-аналар жиналысын өткізеді.

 

«Соңғы уақытты мектеп педагогтары ата-аналардың мектеп өміріне әлсіз қатысуын айтады. Ата-аналар жиналысына ата-аналардың 10-20 пайызы ғана қатысады. Өткен жылы Жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы жарияланып, министрлік жұмыс берушілерге ата-аналарды жұмыстан ертерек жіберу өтінішін білдіргенде мектеп жиналысына ата-аналардың 80 пайызы келді» - деп айтып кетті брифинг барысында Ерлан Сағадиев.

 

Осы жылы Жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы 15 мамырда өтеді, осы күні Халықаралық Отбасы күні тойланады.  Министрлік осы күні жұмыс берушілерден жұмыскерлерін бөгелтпеуді, ал ата-аналардан балалары оқитын мектептерге міндетті түрде баруын сұрайды. Мұғалімдер баланың және мектептің ағымдағы нәтижелері мен жетістіктері туралы айтады. Өсіп келе жатқан ұрпақтын білімді болуы - отбасы мен мектептің бірлескен мақсаты.

 

Министр Е.К. Сағадиев 1 маусымда өтетін шеру туралы да еске салып кетті. ҚР БҒМ бастамасы бойынша және жергілікті атқарушы органдардың қолдауы арқылы 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні біздің астанамыздың 20 жылдығына арналған «Сәлем саған, Астана!» екінші республикалық балалар және жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтеді.

 

Осы күні Шеруді республикамыздың мәдени өміріндегі өткізу біздің еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін ерекше оқиға болады.

 

Шерудің мақсаты тек балалар мен жастардың музыкалық мәдениетін жоғарылату ғана емес, өзінің білім беру ұйымын мақтан тұту сезімін қалыптастыру, республиканың оқу мекемелерінің беделін көтеру болып табылады.

Өткен жылға қарағанда, осы жылы Шеруді өткізу географиясы кеңейтіледі. Еліміздің барлық елді-мекендерінде, ірі-кіші ауылдардың және қалалардың орталық көшелерінен бір уақытта салтанатты маршпен 500 мыңнан астам оқушы, олардың ата-аналары және педагогтар өтеді. Шерудің дайындығына оқушылар, мектеп мұғалімдері, колледждер мен ЖОО оқытушылары, ата-аналар және мәдениет пен спорт өкілдері белсенді ат салысып жатыр.