«Білімді ұлт – оқу сапасы және отбасылық құндылықтар» атты жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы өтеді

«Білімді ұлт – оқу сапасы және отбасылық құндылықтар» атты жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы өтеді

2018 жылдың 15 мамыр күні сағат 18.30 Қазақстан Республикасы бойынша  «Білімді ұлт – оқу сапасы және отбасылық құндылықтар»  атты жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы өтеді.

 

Білім беру ұйымдары мен отбасы институты күштерін біріктіру арқылы ұлттық тәрбиелеу мен оқыту жүйесін дамыту ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асырудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

 

Қоғамның басты элементі ретінде отбасы тұрақтылық пен даму факторы болып қала береді. Отбасының арқасында мемлекет күшейеді және дамиды, халықтың әл-ауқаты өседі. Отбасының амандығы – бұл елдің даму мен ілгерілеуінің өлшемі.

 

Жыл сайын ата-аналардың мектеп істеріне әлсіз қатысуы байқалады – тек қана 20% жуық ата-аналар жиналыстарға барады.

 

Жалпы ұлттық ата-аналар жиналысын өткізудің мақсаты – жаңартылған білім мазмұнын енгізу бойынша мемлекеттік білім саясатын талқылауға ата-аналарды тарту.

 

Ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі басты сұрақтар: оқу жылының қорытындысын шығару, 11 сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауы, мектеп қамқоршылық кеңесінің қызметі, отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектептің өзара қатынасын күшейту, оқу үрдісін сандық жүйеге көшіру және т.б.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі барлық жұмыс берушілерден акцияны қолдауға шақырады, жұмыскерлерін кешке дейін бөгелтпеуді сұрайды, ал ата-аналарға балалары оқитын мектептерге міндетті түрде баруды ұсынады.

 

ҚР Баспасөз қызметі

 

Тел: +7 (7172) 74-24-25

e-mail: press@edu.gov.kz