Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2019 жылғы 15 наурызда «Қосымша білім беру: болашаққа көзқарас» Халықаралық Құрылымдалған диалогты Петропавл қаласында өткізеді.
Республикада балалардың қосымша білім берумен жалпы қамтылуы 82,8%-ды (2 639 074 адам) құрайды. 1303 мектептен тыс ұйымдар (31,2%), мектептерде 63 мыңнан астам үйірмелер (51,6%) қызмет атқарады. Мектептен тыс қызметті 70 мыңға жуық педагогтер қамтамасыз етеді (мектептен тыс ұйымдарда 19 мың педагог және мектептерде 50 мыңнан астам педагогтер).
Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын орындау мақсатында 2018 жылы 14 өңірдің түрлі қосымша білім беру ұйымдарының базасында жалпы 60 мыңнан аса білім алушыны қамтыған 17 технопарк және 16 бизнес-инкубаторлар ашылды. Осы мақсатта 2,4 млрд. теңге бөлінген. 2019 жылы елдің барлық өңірлерінде жалпы 120 мың білім алушы қамтылған 25 балалар технопарктері мен 18 бизнес-инкубатор жұмыс істейтін болады.
Республикада балаларға қосымша білім беру бойынша қажетті заңнамалық және нормативтік құқықтық база құрылған. 2019 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасында балаларға қосымша білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері, балалар музыка мектептері, көркемөнер мектептері мен өнер мектептерінің 85 білім беру бағдарламалары бекітілді.
Құрылымдалған диалог қосымша білім беру жүйесін сақтау және дамыту сұрақтарында мемлекет, қоғам және кәсіби бірлестіктің тиімді әңгімелесуі мен өзара әрекеттестігі үшін ашық алаңға айналады.
Құрылымдалған диалогқа ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі, ҚР Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Балаларға қосымша білім берудің Еуразиялық қауымдастығының, жергілікті атқарушы органдардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Нұр Отан» партиясының, Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік Бюросының өкілдері, Қазақстандағы Францияның Төтенше және өкілетті елшісі, мектеп және мектептен тыс ұйымдардың жетекшілері, ҮЕҰ, ата-аналар қауымдастығы қатысады.
Құрылымдалған диалог жұмысы барысында балаларды оқытуда заманауи мультимедиялық және сандық технологияларды қолдану, техникалық және бизнес бағыттарының инновациялық үлгілерін, жалпы орта және қосымша білімнің түрлі кіріктірілу формаларын енгізу, STEM білім беруді дамыту, кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыру, балаларға эстетикалық, музыкалық тәрбие беру және әлеуметтендіру сұрақтары қарастырылады.
Құрылымдалған диалогтың аясында қатысушыларға Петропавл қаласы Оқушылар сарайының презентациясы ұсынылады, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуда Win-win стратегиясын, инновацияларды, бейнелеу өнерінде IT-технологияларды және т.б. қолдану бойынша 10 шеберлік сынып өткізіледі.
Құрылымдалған диалогқа қатысушылар қосымша білім берудің әрі қарайғы басым бағыттарын анықтайтын қорытынды ұсынымдар әзірлейді.
Қосымша білім берудің заманауи үлгісін дамыту және оқушылар сарайлары мен үйлерінің базасында балалар технопарктері жүйесін құру бойынша халықаралық тәжірибелермен қатысушыларды таныстыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Материалдар www.ziyatker.org сайты мен әлеуметтік желілерде танысу үшін еркін қолданыста орналастырылады.
Өткізу орны, күні және уақыты: Петропавл қ., Жамбыл Жабаев к-сі, 55 А, Оқушылар сарайы, 2019 жылғы 15 наурыз.
Қосымша ақпарат үшін келесі телефонға хабарласуға болады:
+7 (7172) 64 27 31; e-mail: irumcdo@mail.ru