"Институционалдық зерттеулер және олардың білім беру ұйымдарындағы рөлі".

"Институционалдық зерттеулер және олардың білім беру ұйымдарындағы рөлі".

Қазақстан Республикасының ЖОО-ларына арналған семинар
Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан қаласы)
2019 жылғы 19 сәуір

«КИМЭП Университеті» АҚ және «Назарбаев Университеті» ДББҰ академиялық сапаны қамтамасыздандыру саласында жұмыс істейтін ЖОО қызметкерлері үшін «Институционалдық зерттеулер және олардың білім беру ұйымдарындағы рөлі» тақырыбында аймақтық семинар ұйымдастырады.

 

 

 

 

 

Семинар 2019 жылғы 19 сәуірде Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде (Түркістан қаласы) болады.

 

 

Семинар барысында институционалдық зерттеулер рөлі ретіндегі және студенттерге, ПОҚ мүшелеріне, түлектерге, жұмыс берушілерге және т.б. сауалдама жүргізу методикасы мен ұйымдастырудың негізгі параметрлерімен қатысушыларды таныстыруды қоса алғанда, жоғары білім беру ұйымдары қызметінде сапаға тұрақты мониторинг сияқты өзекті мәселелер талқыланатын болады.

 

 

 

Семинардың айрықша ерекшелігі – оның интерактивті сипаты және практикалық бағыттылығы. «КИМЭП Университеті» АҚ және «Назарбаев Университеті» ДББҰ сарапшылары шеберлік дәрістерін жүргізіп, институционалдық зерттеулер жүргізу әдістерін пайдаланудың жинақталған тәжірибесімен бөліседі.

Семинардың жұмысымен байланысты мәселелер бойынша  «КИМЭП Университеті» АҚ Академиялық сапа және институционалдық зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері Ахметбаева Айшаға хабарласыңыздар. Тел: +7 (727) 270-44-86, e-mail: a.akhmetbayeva@kimep.kz