Ғылым күнімен құтықтаймыз!

Ғылым күнімен құтықтаймыз!

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Ғылыми қызметкерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын!]

 

Қазіргі кезде әлемде ғылым мен жаңа техногияларды дамыту өзекті тақырыптарының бірі. Ғылыми әлеует, ғылыми техникалық ресурстар көбінесе әрбір елдің әлемдік қауымдастықтағы алатын орнын анықтайды, оның әлеуметтік-саяси экономикалық мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді.

 

Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында ғылымның ел экономикасын өркендетуші басты күш-қуат ретінде аталуы осыны айқындайды. Ғылым саласы бүгінде мемлекет дамуындағы басым бағыттардың қатарында.

 

Отандық ғылым халық өмірінің сапасын арттыруға бағытталған әлемдік трендтер  аясында дамуда. Елбасының саясатының негізінде Қазақстан өз алдына қойылған мақсатқа – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылуға сенімді қадам басып келеді. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін өндіріс пен ғылым салаларымен тығыз байланысты екені белгілі.

 

Қазақстан ғылымы әлемдік экономикалық дағдарыстың қауіп-қатерлеріне қарамастан, ілгері басып келеді. Әлемдік ғылыми қауымдастыққа кіруі арқылы отандық ғылымның әлеуеті едәуір арта түсті. Ғылыми кадрлық құрамның уақыт озған сайын жасарып келе жатқаны бізді қуантады.

 

Осы орайда Елбасы бізге зияткерлік әлеуетті арттыру, рухани ресурстарымызды байыту, қоғамдық сананы жаңғырту сынды стратегиялық міндеттерді жүктеді. Осы игі істерді алдағы уақытта іске асыру үшін, барлығыңызды бірге жұмыс жасауға шақырамын.

 

Қадірлі әріптестер!

 

Ғылым қызметкерлері күні құтты болсын! Баршаңызға шығармашылық жетістіктер мен жаңа табыстар тілеймін!

Құрметпен,
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі                          ​                                                                                         Е.К. Сағадиев