2019 жылғы 20 наурыз күні Ақтөбе қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ресми жабылу салтанаты өтеді. Олимпиадаға 824 оқушы қатысты, оның ішінде - 83 халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері, Қазақстанның барлық өңірлерінен, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымынан 19 команда қатысты.
Айта кеткен жөн, биыл алғаш рет «Дарын» республикалық-ғылыми практикалық орталығының сайтында байқау тапсырмалары, олардың шешілу жолдары мен оларды бағалау схемалары, олимпиада қатысушыларының аты-жөндері құпияланған жұмыстары жарияланатын болады. Сондай-ақ, оқушылардың олимпиадаға қатысулары барысында ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында алғаш рет олимпиада онлайн-режимде көрсетілген болатын. Бұл шаралар өз кезегінде өткізілу ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ олимпиадалық қозғалысты жаңғырту, педагогтар мен оқушыларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Олипиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ҚР БҒМ І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдары, бағалы сыйлықтар мен медальдар табыс етіледі. Олимпиаданың абсолютті жеңімпазына Г.К.Байжикенова атындағы шәкіртақы, ал олимпиаданың ең жас қатысушысына «Олимпиаданың жаңа есімі» атты Э.Ю.Шин атындағы шәкіртақы беріледі. Олимпиада қорытындысы бойынша ауылдық мектептің үздік оқушысы мен мұғалімі анықталатын болады. Өз оқушыларын олимпиадаға дайындау ісіне көп жылғы еңбегін арнаған мұғалімдерге «Олимпиадалық қозғалысқа адалдығы үшін» наградасы беріледі. Естерңізіге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ақтөбе облысының әкімі қолдауымен жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Ақтөбе қаласында 15-20 наурыз аралығында республикалық олимпиада өткізген болатын.
Жабылу салтанатының өткізілетін орны мен уақыты: 20 наурыз, сағат 10.00-де, Ақтобе қ., Өнер орталығы, Әбілхайыр хан к-сі, 90 Б;