Ұлттық мектеп лигасы

Ұлттық мектеп лигасы

4-11 наурыз аралығында «Ұлттық мектеп лигасы» аясында волейболдан «Шұбар доп» жарысына ұлдардан-8 командадан барлығы 96 оқушы қатысты. 
        Ұлттық мектеп лиганың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, балаларды темекі шегу, ішімдік ішу, нашақорлық, балалар-жасөспірімдер қылмысы, діни экстримизм сияқты зияфнды әдеттерден спорт арқылы көңілін аудару, рухани жігерлікке,адамгершілікке, патриотизмге, өңірлік мектептердегі спорт түрлерін дамытудың деңгейін арттыру.

4 наурызда «Дәулет Серикбаев» атындағы мемлекеттік университетінің спорт залында «Шұбар доп» жарысының ашылу салтанаты өтті.  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының өкілі Марат Ашкеев, Спорт ардагері, Қаз ССР Ағарту ісінің үздігі, волейболдан аға жаттықтырушы- Ударбек Шәкіров, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығының директоры Алима Ақылбек, Ұлттық жоғары санатты төреші, «Дәулет Серікбаев» атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі- Болатбек Даумов, Жарыстың бас төрешісі Валентин Измайлов жасөспірім спортшыларға игі тілегін білдірді.
          Бір аптаға созылған лигада 8 команданың қатысуымен өткізілген «Шұбарлы доп» ойынынан Астана командасы бірінші орыннан көрінсе, жүлделі екінші орынды Шығыс Қазақстан облысы иеленді. Жүлделі үшінші орын Ақтөбе командасына бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар, медальдар және кубокпен марапатталды.