19 апреля 2018 года в г. Астана подписано Соглашение между Министерством образования и науки Республики Казахстан и Министерством Европы и иностранных дел Французской Республики о реализации программы «Абай-Верн»

 19 апреля 2018 года в г. Астана подписано Соглашение между Министерством образования и науки Республики Казахстан и Министерством Европы и иностранных дел Французской Республики о реализации программы «Абай-Верн»

2018 жылдың 19 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ғимаратында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Француз Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрлігі арасындағы «Абай-Верн» бағдарламасын іске асыру туралы Келісімге (бұдан әрі- Келісім) қол қойылды. Қазақстандық тараптан Келісімге Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиев, француз тарапынан Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ қол қойды.

 

Келісім мақсаты- жоғары білікті мамандарды дайындау, интернационалдандыру стратегиясын дамыту және қос дипломды білім беру мақсатында жоғары білім беру саласындағы қазақстандық-француздық әріптестікті нығайту болып табылады.

 

Бағдарлама шегінде екінші жылғы білім алушы 90 магистрант пен қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан 10 докторант Францияның жоғары оқу орындарына баратын болады.

 

Француз жоғары оқу орындарымен әріптестік келісімдері бар жоғары оқу орындарында білім алып жатқан магистранттар мен докторанттар немесе қазақстандық-француздық бағдарламалары бойынша білім алған түлектер басымдылық алатын болады.

 

Магистранттардың білім алу мерзімі 10 ай (қыркүйек-маусым), ал докторанттардың оқу мерзімі 3 жыл болып табылады, әр жыл 6 айдан (қыркүйек-ақпан).

 

Қазақстан Республикасының міндеттемесі- стипендия ұсыну 
(1 магистрантқа- 800 еуро; докторантқа- 1200 еуро).

 

Франция міндеттемесіне кіреді:

 

- Тегін білім алуды қамтамасыз ету;

 

- Мемлекеттік жоғары оқу орындарында тіркеу төлемінен босататын Француз Үкіметінің стипендиат мәртебесін беру;

 

- Француз әлеуметтік сақтандыруының жалпы жүйесіне тіркеу;

 

- Тегін ұзақмерзімді студенттік виза;

 

- Студенттік жатақханаларда орындарды бөліп тарату кезінде басымдылықты ұсыну;

 

- Тұрғын жерді төлеуге, сонымен қатар «clé» жүйесін пайдалануға (тұрғын үйді жалға алғанда Француз Мемлекеті кепілгер болып табылатын кезде ) көмек алу;

 

- Мәдени бағдарламалар мен іс-шараларға қатысу үшін жеңілдетілген тарифтерді қамтамасыз ету.

 

Бағдарлама жас зерттеушілердің мобильділігін дамытудағы жаңа импульсті, сондай-ақ ғылым саласындағы соңғы инновацияларға қолжетімділікті, француз тілді елдермен ғылыми қатынастарды кеңейту мақсатында алғы еуропалық ғылыми орталықтар және зертханалармен ынтымақтастықты жандандыруды қамтамасыз етеді.

 

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі