
2018 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде мемлекеттік органдардың және ұйымдардың уәкілетті өкілдерімен құпиялық режимді қамтамасыз ету мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.
Семинардың қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.
Бірінші басшылардың қатысуымен өткен кеңесте ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша құпия жұмыстардың аталған бөлігіне жауапты лауазымды тұлғалардың рөлі мен жауапкершілігін арттыру бойынша нақты шараларды қабылдай отырып, жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс бойынша құпиялық режимді қамтамасыз етудің, төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың, ақпараттық қауіпсіздіктің (техникалық барлауға қарсы іс-қимыл), жай-күйін білім және ғылым ұйымдарында қарастыру ұсынылды.
Осы бағыттар бойынша қызметкерлердің негізгі нормативтік құқықтық актілері бойынша білімін тестілеумен оқыту семинарларын өткізу ұсынылды.
Басқа да ұсынымдар қабылданды.
.jpg)
.jpg)
.jpg)