2018 жылғы 25 сәуір күні сағат 15.00-де Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 4 мекенжайы бойынша орналасқан «Қазмедиа орталығында» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің халық алдында есеп беру кездесуі өтеді. Кездесу барысында Министр білім беру саласының негізгі бағыттарын түсіндіріп, халық тарапынан келіп түсетін сұрақтарға жауап береді. Аймақтардағы тұрғындар үшін онлайн-режімде бейне конференция байланысы ұйымдастырылып, тұрғындар өз сауалдарына толыққанды жауаптар алу мүмкіндігіне ие болады. Есепті кездесудің тікелей трансляциясы www.bnews.kz ақпараттық порталында, сонымен қатар ҚР БҒМ-нің Фейсбуктегі ресми парақшасында жүргізіледі.
Аккредитация 24 сәуір 2018ж. 17:00 сағ. дейін pressa.edu@gmail.com электронды адреске жіберулеріңізді сұраймыз.
БҒМ Баспасөз қызметі