
Құрметті әріптестер, ата-аналар мен оқушылар!
9-24 сәуір аралығында 4,9,11 сынып оқушылары Жоғары білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалаудан өткенінен хабардарсыздар. Осы аралықта біз Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Сырттай бағалау басқармасы басшысы Жұлдыз Мүсіровамен сұқбаттасып, ЖБ ОЖСБ мақсаты жөніндегі ата-аналар мен оқушылардың көкейінде жүрген сауалдарды қойған едік.
С.: Әңгімемізді ЖБ ОЖСБ деген не деген сұрақтан бастасақ.
Ж.: Жоғары білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ЖБ ОЖСБ) – оқу сапасын бағалаудағы тәуелсіз әдістердің бірі. Ол 2012 жылы заңмен бекітілген. Ол кезде пәндер бойынша тек тоғызыншы сынып оқушылары ғана сынақ тапсыратын. 2016 жылдан бастап төртінші сынып оқушылары да бағалаудан өте бастады. 2017 жылы ЖБ ОЖСБ он бірінші сыныптарға да міндетті болды. Жыл өткен сайын бұл әдіс жетілдіріліп келеді. Қазір оқу сапасына мониторинг жасаудың ұлттық жүйесіне айналды.
С.: ЖБ ОЖСБ-нің не қажеті бар?
Ж.: ЖБ ОЖСБ арқасында оқушылардың пән бойынша білімі мен функционалды сауаты бағаланады. Атап айтқанда: математика, жаратылыстану, ақпараттық-коммуникациялық, оқу сауаты. Қажет болған жағдайда бағалау пәндері жыл сайын ауысып тұрады. Осы уақыт ішінде ЖБ ОЖСБ мектептегі білім сапасына оң әсерін тигізіп, оқу процесіндегі бірқатар олқылықтарды анықтап берді. ЖБ ОЖСБ нәтижесінде біз республикадағы білім сапасын бірнеше сала бойынша қадағалай аламыз. Мысалы, өңірлер бойынша білім сапасын, жекелеген оқу орындарындағы білім беру қызметтерінің деңгейі және оқушылардың пәндер бойынша білімі қаншалықты екенін анықтауға көмектеседі. Осының нәтижесінде министрліктің тиісті департаменті облыс пен қаланың білім басқармасымен бірлесе отырып, білім сапасын жақсарту жоспары мен жұмыстарына түзету енгізеді. ЖБ ОЖСБ нәтижесін тиісті орган білім саласындағы заңның сақталуын тексеру барысында тәуекелдерді бағалау жүйесінің критериі ретінде қарастырады. Сонымен қатар оны рейтингтік зерттеулер жүргізумен айналысатын мекемелер де пайдаланып, Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы Ұлттық есепке де енгізілуі мүмкін.
ЖБ ОЖСБ кезіндегі тесттермен қатар, оқушылар, мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі арасында сауалнама жүргізіледі. Анкета оқушылардың білім сапасына әсер ететін факторлар, кәсіби біліктілік деңгейі, басқарудағы стиль мен әдістер, тиімді оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқу және әдістемелік жұмыстар сапасы жайлы толыққанды ақпарат алуға септігін тигізеді.
С.: Барлық мектеп ЖБ ОЖСБ бір мезетте тапсырады ма??
Ж.: Мектептер тізімін Білім және ғылым министрлігі бекітеді. ЖБ ОЖСБ барлық жерде бір мезетте өтуі – тиімсіз. Биыл 1406 орта білім беру мекемесі, яғни олардың жалпы санының 20%-ы тапсырды. Мектеп кездейсоқ әдіспен таңдалады. (Simple Randon Sampling_SRS).
С.: ЖБ ОЖСБ өту тәртібі мен онда кездесетін сұрақтар жайлы айтыңызшы.
Ж.: Ұлттық тестілеу орталығы ЖБ ОЖСБ үшін жалпы білім берудегі оқу бағдарламасына сәйкес тест тапсырмаларын дайындайды. Құрастырылған сұрақтар мектеп мұғалімдері мен министрлік мамандарынан құралған сараптамадан өтеді. Тестілеу оқушылар өздері оқитын мектеп қабырғасында болады.
Биыл ЖБ ОЖСБ бірнеше кезеңмен өтті. 9-16 сәуір аралығында төртінші сынып оқушылары өтті. («қағаз» тест: жауап парақтары мен сұрақ-кітапшаларының көмегімен). Оларды министрліктің уәкілетті органы жылда белгілейтін екі пән бойынша бағалады. 30 сұрақтан тұратын тест сынағына 70 минут берілді.
Дәл осы кезеңде материалды-техникалық жағынан толық қамтылмаған мектептерде 9-11 сынып оқушылары ЖБ ОЖСБ қағаз бланкпен тапсырды.
Ал 16-24 сәуір аралығында 9-11 сынып оқушылары ЖБ ОЖСБ сынағын компьютерде онлайн режимде тапсырды. Нәтижесі текст аяқтала салып бірден шықты. Тоғызыншы сыныптар 130 минут ішінде қазақ тілі (20 сұрақ) мен басқа да пәндерден (40 сұрақ) тест тапсырды. Сұрақтар тізімі мен санын уәкілетті орган жыл сайын бекітеді. Шектік балл — 75.
Он бірінші сыныптар 140 минут ішінде үш пәннен 80 тапсырма орындады. Үш пән бойынша шектік балл — 100. Биыл 11 сынып оқушылары Қазақстан тарихы, қазақ тілі, алгебра мен анализ негіздерін тапсырды.
С.: Текст ақылы ма?
Ж.: ЖБ ОЖСБ өту тегін. Оқушылар ЖБ ОЖСБ сынағына дейін алдын-ала текст тапсырып көруіне болады. Ол – ерікті және ақылы.
Ұлттық тестілеу орталығы ЖБ ОЖСБ алдын-ала дайындалу үшін сұрақ-жауап кітапшаларын шығарады. Бір кітапша құны — 376 теңге. Бұл материалдарды жеке сатып алуға болады немесе Ұлттық тестілеу орталының филиалдарынан мектепке көптеп алдыруға да болады.
Тоғызыншы сынып оқушылары ЖБ ОЖСБ-ға Ұлттық тестілеу орталының сайтында онлайн-тестілеу арқылы да дайындала алады. Бір рет тест өту құны — 260 теңге. «Халық банк» АҚ, «Қазпочта» АҚ немесе «Касса 24» терминалдары арқылы Ұлттық тестілеу орталығының реквизиттеріне төлем жасауға болады.
С.: ЖБ ОЖСБ кім ұйымдастырады?
Ж.: Білім беру орындарындағы ЖБ ОЖСБ өткізу барысын министрліктің уәкілетті органдары қадағалайды. Атап айтқанда: орта мектеп мұғалімдері, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық департамент мамандары атсалысады. Олар тест бланкілерін толтыру тәртібін түсіндіріп, балаларға жағдай жасалуы мен көңіл-күйлерін қадағалайды. ЖБ ОЖСБ өткізудің техникалық жағынаҰлттық тестілеу орталығы жауап береді.